Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 8 қараша N 1182. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1270 Қаулысымен

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1270  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 405-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттарын орындауын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптарын сақтауын бақылау мақсатында аттестаттау мамандықтар бөлiнiсiнде жүзеге асырылады.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Аттестаттау өткiзудiң тәртібі туралы нұсқаулықтарды, аттестаттаудың бағдарламалары мен көрсеткіштерiн, сондай-ақ білiм беру ұйымдарын аттестаттау кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiн қарауында бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың қатысуымен өзiнiң құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы әзiрлейдi және бекiтедi.";
      15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Аттестациялық комиссиялардың шешiмдерi олар шығарылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей білiм беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен бекiтiлуге тиiс.
      Аттестациялық комиссия мынадай дәлелді шешiмдер қабылдауға құқылы:
      1) аттестатталсын;
      2) аттестатталмасын.
      Бiлiм беру ұйымын "аттестаттау" туралы шешiм, егер:
      1) бiлiм беру қызметi бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының талаптарына және білiм беру
қызметін лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкес болса;
      2) кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша оқитындар Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы нормативті белгiлеген шектi деңгейден жоғары баға алса, қабылданады.
      "Аттестатталмасын" деген шешiм бiлiм беру ұйымы аттестаттаудың
көрсетiлген шарттарының ең болмағанда бiреуiн орындамаған жағдайда қабылданады.
      Аттестациялық комиссиялардың шешiмдерi бiлiм беру саласындағы мемлекеттік органдардың қайта қарауына жатпайды.
      16. Тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң жалпы мiндетті мемлекеттік стандарттарының орындалмағаны және бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияда қамтылған талаптарды орындамағанын куәландыратын, кәсіптік орта, кәсiптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының аттестатталмау фактiсi бiлiм беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясын қайтарып алу және қайтарып алынған лицензиялардың лицензиарға қайтарылған сәтіне дейiн бiлiм беру ұйымы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру үшiн негiз болады.".

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi