Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы ережеде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Авторлар ұжымы құрамына кiретiндердi қоспағанда, авторлар қайтыс болғаннан кейiн Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылмайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі