Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 5 қараша N 1172

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  заң күшi бар Жарлығының  16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - кәсiпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-170-жолмен толықтырылсын:
      "470-170. Батыс Қазақстан        Батыс Қазақстан облысы,
      аграрлық техникалық                        Орал қаласы";
      университетi"
      қазыналық кәсiпорны
      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-21-жолмен толықтырылсын:
      "157-21. Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетi".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi