Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметтік ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп:
1) Кәсіпорын жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген бөлім және реттік нөмірі 509-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
509. "Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінің
шаруашылық басқармасы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Астана қаласы".