Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығын іске асыру және қазақстан астығын теңіз жолымен экспортқа шығаруды ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп бір апта мерзімде "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының оған тиесілі жерден алаңы 2 (екі) гектардан кем емес жер учаскесін
пайдалану құқығын астық терминалын салу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына беруін қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі