Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді
айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 шілдедегі
N 1006
қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қару мен әскери техниканы пайдалануға
құқылы субъектілердің тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі";
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.