Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы N 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қазандағы N 1124 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1)  1-тармақтың 1) тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы  N 549 Қаулысымен. 
      2) "Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі