Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Қаржы министрi, төрағаның
орынбасары;
Мәжренов - Қазақстан Республикасының
Жомарт Рахымбекұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
Қызметiнің директоры
(келiсiм бойынша);
Ахметов - Қазақстан Республикасы
Серiк Баужанұлы Премьер-Министрiнің Кеңсесi
Мемлекеттiк құпияларды
қорғау жөнiндегi
бөлiмiнің меңгерушiсi;
Тiлешев - "Ұлттық ақпараттық
Iзетәлi Шаймерденұлы технологиялар" жабық
акционерлiк қоғамының
президенті";
мынадай жолда:
"Нәлiбаев - Қазақстан Республикасы
Әбдіқалық Зәкірұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары"
", төрағаның орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай жолда:
"Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Әбiлғазы Қалиақпарұлы Экономика және сауда вице-
министрі
"Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Айдар Әбиұлы Әкежанов, Сейiтқаже
Қажекенұлы Оқасов, Әли-Мырза Рақышұлы Қашқынов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі