Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Жол полициясы комитетiн тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қазан N 1116

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына  және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны таратылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Комитеттiң таратылуын жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі" деген бөлiмдегi "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Жол полициясы комитетi" деген кiшi бөлiм және реттік нөмiрi 461-14-жол алынып тасталсын;
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N  607   қаулысымен.

      5. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 777  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 262-құжат) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарының;
      2) "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 шілдедегi N 846  қаулысының  1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі