Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып;
4) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министр ұстауға рұқсат берiлсiн.
4. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлiгi 366
оның iшiнде:
1) Су ресурстары жөнiндегi комитет 33
бойынша
2) Орман, балық және аңшылық
шаруашылығы комитетi 37";
реттік нөмiрi 11-жол алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктiң, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерiнiң штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлiгi 5657
бұдан басқа:
1) Су ресурстары
жөнiндегі комитет 161
2) Орман, балық және аңшылық
шаруашылығы комитетi 305";
реттiк нөмiрi 7-жол алынып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде осы қаулыны iске асыру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 7 қазандағы
N 1096 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) ауыл шаруашылығы, орман, балық және аңшылық шаруашылығы, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, су ресурстарын, өсiмдiк және жануарлар дүниесi ресурстарын басқару аясында, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгiндегі сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақтаны және жүндi қайта өңдеудi, астық рыногын қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбi саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруды салааралық үйлестiрудi, оған қатысушылардың қызметiн үйлестіру мен реттеудi, астықтың мемлекеттiк ресурстарын басқаруды, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары жөнiндегi комитет, Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдің бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары болады.
Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
7. Министрлiктi құру туралы акт пен осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктің негiзгi мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
9. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аңшылық және балық шаруашылығы өндiрiсiнде, суды пайдалануда, астық өндiрiсi, таңдаулы тұқым шаруашылығы, ветеринария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлігiндегі сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта және жүндi қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсiп саласында, өз құзыретiнiң шегiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеу, iске асыру және үйлестiру;
2) өз құзыретi шегiнде аймақтық саясатты iске асыруға қатысу;
3) денсаулық сақтау органдарымен бiрлесiп, халықтың денсаулығын малға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
4) рыноктарда, өнiм өндiру, дайындау (сойыс), сақтау, қайта өңдеу және сату кәсiпорындарында, сондай-ақ тасымалдау кезiнде (мемлекеттiк ветеринарлық бақылауға жататын жүктердi алмастыру; мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн, ветеринарлық-санитарлық жағдайды бақылау; мал ауруларын анықтау және олардың туындауы мен таралуы себептерiн және жағдайларын әрi олардың қоректенiп улануларын анықтау мен белгiлеу) мемлекеттiк ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден шыққан жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелiнуi мен таралуынан, сондай-ақ карантиндiк объектiлерден қорғауды және республика аумағын шет елдерден немесе карантиндiк аймақтан карантиндiк объектiлердің әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енiп кетуiнен қорғауды ұйымдастыру;
6) құзыретi шегiнде ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалар қызметiн жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жоқ жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
7) ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларын әзiрлеуге әрi iске асыруға қатысу;
8) агроөнеркәсіп кешенiнiң маркетинг қызметiн дамытуға және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыруға жәрдем көрсету;
9) ауыл шаруашылығы өндiрiсi, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгіндегi сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта және жүндi қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсiп саласында тiкелей жұмыс iстейтiн шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң өндiрiстiк қызметiне, оларды реформалауға және заңнамаға сәйкес оларды қаржылай сауықтыруға әдiстемелiк басшылық жасау;
10) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердi техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығы суымен жабдықтау, мелиорация, сервистiк қызмет көрсету саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
11) жер қатынастарын дамыту, әртүрлi ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиiмдi жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық шарттарды жетiлдiру, жердiң құнарлылығын сақтау мен арттыруға әрі оларды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
12) ветеринария, фитосанитария асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж саласында астықтың сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
13) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы заңнаманың және белгiленген ережелердiң сақталуын әрi республика аумағында өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
14) орман ресурстарын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсiмiн молайту, пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, су ресурстарын пайдалану;
15) карантиндік объектiлердi ашу, жайылуына жол бермеу және жою, сондай-ақ олар кездеспейтiн республика аймақтарына олардың енiп кетуiнiң алдын алу;
16) пестицидтердiң адамдар денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң, фитосанитарлық iс-шараларды өткiзу кезiнде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оларды болдырмау;
17) қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз ету;
18) iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы жағдайды зерделеу әрi оны ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң назарына жеткiзу;
19) селекция және асыл тұқымды өнiм (материал) өсiмiн молайту саласында жаңа технологиялардың, құрал-саймандардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдiстердiң қолданылуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру;
10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ауыл, орман, балық, аңшылық, су шаруашылығы, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлігіндегi, сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеушi өнеркәсiп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттiң аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларды, басымдықты және өзге де мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге, iске асыруға және үйлестiруге қатысады;
2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тұрақтандыру мен өсiру және тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгiндегі, сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүндi қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеушi өнеркәсiп өнiмдерiн қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту және астық рыногын реттеу жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асырады;
3) ауыл шаруашылығы секторы үшiн қаржы-кредит және салық саясатын қалыптастыруға қатысады;
4) су және орман ресурстарын, жануарлар дүниесi ресурстарын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану жөнiндегi шаруашылық, ұйымдастыру, қорғау және рұқсат беру iс-шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады және үйлестiредi;
5) жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнетiн түрлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастық рәсiмiн жүзеге асырады;
6) орман, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнетiн түрлерiнiң мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу жөнiндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестiредi, Қызыл кiтапты басып шығаруды қамтамасыз етедi;
7) қорық iсiне жалпы әдiстемелiк басшылықты үйлестiредi және жүзеге асырады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттiк инспекция ұйымдастырады;
8) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады, асыл тұқымды мал шаруашылығы, құс шаруашылығы мен омарта шаруашылығы саласындағы, су ресурстарын пайдалану мен қорғаудағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi, мелиорация, ирригация мен дренаж функцияларын қоса алғанда, ауыл, балық, аңшылық, су шаруашылығын, ветеринария, фитосанитария, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгiндегі, сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүндi қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеушi өнеркәсiп саласына инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға жәрдемдеседi;
9) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында бағдарламалар, аса қауiптi зиянды организмдер мен карантиндiк объектiлердiң тiзбесiн әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметіне ұсынады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережесiн, пестицидтерді (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi жүргiзу ережесiн, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереженi, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiн, фитосанитарлық іс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды, хаттамалар мен нұсқамалардың нысандарын, сондай-ақ оларды жасау мен шығару тәртібiн, фитосанитарлық нормативтерді, фитосанитарлық есеп пен есеп беру нысандарын, сондай-ақ оларды мемлекеттiк статистиканың орталық атқарушы органымен келiсiм бойынша ұсыну тәртібiн әзiрлейдi және бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн бередi;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердi мемлекеттiк сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен қызмет көрсетулердi, сондай-ақ пестицидтердің қорын жасауды ұйымдастырады және жүргiзеді;
13) республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi фитосанитарлық мониторинг деректерiне және қалыптасқан фитосанитарлық жағдайға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша таратады;
14) зиянкес және аса қауiптi зиянкес организмдер бойынша фитосанитарлық мониторинг және фитосанитарлық iс-шаралар, мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсiм бойынша пестицидтердi залалсыздандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
15) фитосанитарлық iс-шараларды, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыстарды жүргiзуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн ұйымдастырады және үйлестiредi;
16) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөнiндегі мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырады;
17) белгіленген тәртiппен өсiмдiктер карантині саласында нормативтiк және әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және келiседi;
18) карантиндiк іс-шараларға бөлiнетiн мемлекеттiк қаражат пен материалдық ресурстардың мақсатты әрі ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
19) әкелінетін және әкетiлетін карантинге жататын өнiмдердi оның шыққан аумағының және жерiнiң, сондай-ақ баратын пунктiнiң фитосанитарлық сипаттамасын ескере отырып, карантиндiк қарау, зертханалық сараптама және фитосанитарлық сертификаттау жүргiзедi;
20) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi заңнамасына сәйкес карантинге жататын өнiмдердi, сондай-ақ көлiк құралдарын залалсыздандыру жөнiндегi iс-шараларды орындау туралы нұсқама бередi және олардың орындалуын бақылайды;
21) интродукциялық-карантиндік питомниктерде карантинге жататын импорттық өнiмдердiң жасырын жұқпалы карантиндiк объектiлерiнiң және тегi жат түрлерiнiң болуына тексерудi ұйымдастырады;
22) Қазақстан Республикасында және басқа елдерде карантиндiк объектiлердiң болуы әрi таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор жасайды;
23) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитарлық қатерді бағалаудың ғылыми принциптерi негiзiнде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп карантиндiк шараларды әзiрлейдi әрi оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
24) карантинге жататын өнiмдерге фитосанитарлық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар бередi;
25) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында түсiндiру жұмыстарын ұйымдастырады әрі жүргiзедi, сондай-ақ карантиндiк объектiлерге зиянкес организмдер бойынша фитосанитарлық мониторинг жүргiзу жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсетедi, мүдделi тұлғаларға өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы нормативтiк құқықтық актілер мен фитосанитарлық іс-шаралар туралы ақпарат бередi;
26) халықаралық ұйымдар және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты және өсiмдiктердi қорғау әрi олардың карантинi саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысуды жүзеге асырады;
27) мелиорацияны, ирригация мен дренажды қоса алғанда, ауыл, орман, балық және су шаруашылығы, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мемлекеттiк астық ресурстарын басқару, мелиорация, суландыру және қашыртқы, ауыл шаруашылығы ғылымы мен аумақтық даму, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгiндегі, сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүндi қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеушi өнеркәсiп, астық қолхаттарының айналысы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, сондай-ақ астық сапасының мемлекеттiк стандарттарының жобаларын әзiрлейдi;
28) аттестаттауды жүргiзу тәртiбi, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы мен дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру тәртібi туралы ережелердi әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;
29) асыл тұқымды малдар мен табындардың есебiн алудың ережесi мен нысандарын әзiрлейдi және статистика органдарына келiсуге ұсынады әрi бекiтiлген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң есебiн жүргізедi;
30) асыл тұқымды мал өнiмiнiң (материалдарының) асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiндегi және малдың өсiмiн молайту жөнiндегi нормативтік құжаттарды бекiтедi;
31) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринариялық iс-шараларды, ветеринариялық ережелер мен нормативтердi, ветеринариялық есеп пен есеп беру нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастырады;
32) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға жататын жүктердi тасымалдауды (орын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды;
33) мал ауруларының алдын алу мен диагностикасына байланысты ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыруға бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
34) рыноктарды, мал өсiру, дайындау (сою), мал өнiмдерi мен шикiзаттарын, ветеринариялық препараттарды, мал азықтары мен жемшөп қоспаларын сақтау, қайта өңдеу және сату ұйымдарын сәйкестендiру тәртiбiн белгiлейдi;
35) Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша, мемлекеттiк ветеринариялық бақылаудағы жүктердi ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан сақтау тәртiбiн анықтайды;
36) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібiн анықтайды әрi түрлерi бойынша оның нормативiн белгiлейдi;
37) республиканың су және орман ресурстарын, жануарлар дүниесi ресурстары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын, аңшылық, балық ресурстарын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ олардың өсiп-өнуi мен ұтымды пайдаланылуы, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан қорғау, республика аумағына аса қауiптi жұқпалы мал ауруларының енуiнен, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң зиянкестерiнен және ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шараларды, мал мен өсiмдiк тектес өнiмдерiне, шикiзаттарына ветеринариялық-санитарлық және фитосанитарлық сараптама жүргізудi ұйымдастырады;
38) өз құзыретінің шегінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын келiседi;
39) елдi мекендердiң, жекелеген аймақтардың экономикалық перспективалылығын анықтау үшiн негiзгi өлшемдердi әзiрлейдi;
40) агроөнеркәсіп саласындағы бюджет қаражаты, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларға қорытындылар бередi;
41) өз құзыреті шегiнде ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
42) мемлекеттiк органдарға аймақтық саясатты жүргiзуге жәрдем көрсетедi;
43) мемлекеттiң аймақтық саясатын iске асыру және Министрлiктiң өз өкiлеттiктерiн iске асыруы жөнiндегi өзге де шараларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
44) елдің экономикалық перспективалы аймақтары мен елдi мекендерiне басқа аймақтар мен елдi мекендерден көшiрiлуi ынталандыруға жататын адамдардың санын келiседi;
45) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын орындауына мемлекеттiк ветеринарлық қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
46) алдын алу, диагностика және жою республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын аса қауiптi мал ауруларының тiзбесiн әзiрлейдi;
47) аса қауіпті аурулармен ауыратын мал ауруының алдын алу, диагностикасы және оларды емдеу жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
48) мал ауруларының эпизоотиялық мониторингін ұйымдастырады және эпизоотиялық ахуалды зерделейдi;
49) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, мал азықтары мен жемшөп қоспаларын, оларға наразылық түскен кезде, апробациялау, тiркеу сынақтарын, олардың топтарын (серияларын) бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
50) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-жабдықтарға, мал азықтары мен жемшөп қоспаларына қорытындылар бередi;
51) мал шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттік комиссияларға және мал өнiмiн өндiру, дайындау (сою), мал өнiмдерi мен шикізаттарын қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдарға қатысады;
52) су ресурстарын, мелиорацияны, ирригация мен дренажды ұтымды пайдалану және қорғау, мемлекеттiң аумақтық саясаты саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады;
53) ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгіндегi, сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүндi қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеушi өнеркәсiп саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады;
54) Каспий теңiзi жағалауындағы мемлекеттердiң балық шаруашылығын мемлекеттiк басқару органдарымен Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мәселелерiнде өзара iс-қимыл жасайды;
55) табиғи ресурстардың өсiмiн молайту мен оларды ұтымды пайдалану жөнiнде шаралар әзiрлейдi және жүзеге асырады;
56) астық туралы, ветеринария, фитосанитария және асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнаманың орындалуын мемлекеттiк бақылауды жүргiзедi;
57) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсету жөнiндегi жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге аттестат бере отырып, аттестаттауды жүргiзедi;
58) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктердi сынауды және оларды апробациялауды жүргiзеді;
59) өндiрiсте пайдалануға жiберiлген асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабын, асыл тұқымды малдың мемлекеттік тiркелiмi мен селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және басып шығарады;
60) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтатады, бұзуды қайталаған жағдайда, аттестаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
61) тракторлар мен өзi жүретiн ауыл шаруашылығы және мелиоративтiк машиналардың есебi мен техникалық жағдайын тексерудi жүргiзедi, сондай-ақ оларды жүргiзу тәртiбiн белгілейдi;
62) доңғалақты тракторлардың базасында дайындалған өзi жүретiн шассилер мен доңғалақты тракторлардың құрамында қозғалуға арналған тетiктердi, тiркемелердi қоса алғанда, доңғалақты тракторларды мемлекеттiк тiркеудi және олардың техникалық жағдайын тексеруді жүргізедi, сондай-ақ оларды жүргiзудiң тәртiбiн анықтайды;
63) астықтың сапасын мемлекеттiк бақылауды, сондай-ақ мемлекеттiк астық ресурстарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
64) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды жүзеге асырады;
65) астық рыногының мониторингін жүргiзедi;
66) ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыру, селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, дәндi дақылдарды өңдеу технологиясы және өсiмдiктердi қорғау, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асыруға қатысады;
67) заңнамалық кесiмдерде белгіленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорындарын уақытша басқаруды енгiзуге бастамашы болады, оны жүзеге асыруға қатысады және шешiм қабылдайды;
68) астық қолхаттарының нысандарын, оларды беру, олардың айналысы мен өтелуi ережесiн бекiтедi;
69) тұқымды сараптау (сертификаттау) және олардың сорттық әрi егіс сапасын куәландыратын тиiстi құжаттарды беру тәртiбiн анықтайды;
70) тұқымға сорықтық үстемелердiң нормаларын анықтайды;
71) республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен тауарлар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады;
72) iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы жағдайды зерделейдi және оны ауылдық тауар өндiрушiлерiнiң назарына жеткiзедi;
73) өз құзыретiнiң шегiнде агроөнеркәсiп кешенi шаруашылық жүргізушi субъектiлерiнiң бюджеттік кредиттердi, үкiметтiк және Үкiмет кепілдiк берген сыртқы қарыздарды игеру және қайтару жөнiндегi қызметiн бақылауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
74) республикалық бюджеттi әзiрлеуге және атқаруға қатысады;
75) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттi қолдау жөнiндегi бюджеттік бағдарламаларды әзiрлейдi;
76) көрсетілген мақсаттарға бюджетте көзделген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында әр субъектiнiң әрбiр түрiне және жеке алғанда субсидиялауға жататын сататын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын анықтайды, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
77) республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакетi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және оларды пайдалану құқығын жүзеге асырады;
78) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринарлық препараттарды мемлекеттiк сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткiзудi) және пайдалануды ұйымдастырады;
79) ветеринарлық препараттарды мемлекеттiк сатып алу, ветеринария саласындағы жұмыстарды, ветеринарлық ғылыми зерттеулерге және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауға тапсырыстар беру саласындағы жұмыстарды орындау жөнiндегi республикалық бюджеттiк бағдарламаларды, нормативтiк конкурстық және тендерлiк құжаттамаларды әзiрлеуге қатысады;
80) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды.
11. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқығы бар:
1) өз құзыретiнiң шегінде орындау үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
2) мемлекеттік кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
3) Министрлiкке жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшін мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
4) заңнамада белгiленген жағдайларда лицензиялауды және сертификаттар берудi жүзеге асыруға;
5) мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оны мемлекеттiк астық ресурстарын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындарынан тиеудi келiсуге;
6) астық қолхаттарының нысанын бекiтуге;
7) таңдаулы тұқымдарды өндiрумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды атестаттауды жүргізуге;
8) тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
9) тұқымға сорттық үстеме нормаларын айқындауға;
10) өз құзыретi мен өкiлеттiктерiнiң шегiнде мемлекеттiк меншiктегi мүлiктi пайдалануды жүзеге асыруға;
11) мелиорациялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылауды және суармалы жерлердiң мониторингiн жүзеге асыруға;
12) мыналардың:
астық туралы, фитосанитарлық қадағалау, мал тұқымын асылдандыру iсi, ветеринария, өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуына;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп орман және су ресурстарын, жануарлар дүниесi ресурстарын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ұтымды пайдаланылуын, өсiмiнiң молайтылуын және қорғалуына;
ветеринарлық препараттардың өндiрiлуiне және олардың сапасына;
мемлекеттiк астық ресурстарын тиеуге және тасымалдауға;
астық сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға.
12. Министрлiктiң барлық деңгейдегi мемлекеттiк инспекторларының бақылау және қадағалау саласындағы өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша шешiмдерi, талаптары мен нұсқауларын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құралады және негізгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
14. Министрлiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Министрлiктiң бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңнамада белгіленген жағдайда және шектерде мүлікке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдiң оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
18. Министр осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен Министрлiктiң аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерi мен аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерi мен аумақтық органдарының басшыларына тәртiптiк жаза және оларды көтермелеу шараларын қолданады;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiткен штат санының лимиті шегiнде Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
5) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлiктiң мүдделерiн бiлдiредi;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Бiрiншi вице-министр министр болмаған кезде оның орнында қалады, Министрлiк құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiредi, оған Министр жүктеген өзге де мiндеттердi орындайды.
20. Министрлiктiң, Министрдiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады.
Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 7 қазандағы
N 1096 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат).
2. "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 129-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 207-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қыркүйектегi N 1222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 431-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметiне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзілген өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
6. "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi N 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 266-құжат).