Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.30 № 892 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Демеу" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнің негiзгі мәнi жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құрылысын, сондай-ақ оларды күрделi және ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қоғамның жарғылық капиталына Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің таратылған "Қapу-(Арсенал)-2" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiктi берсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-32-жолмен толықтырылсын:
"21-32 "Демеу" AAҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесi:
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 266-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне
266 "Демеу" ААҚ".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі