Қазақстан Республикасы кен-металлургия саласының кейбiр ұйымдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 қазан N 1087

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес, "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Z010273_ Заңын iске асыру, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасы арқылы мыналардың:
      жарғылық капиталдың 31,76 (отыз бiр бүтiн жүзден жетпiс алты) пайызы мөлшерiнде "Қазақстан алюминийi";
      жарғылық капиталдың 24,65 (жиырма төрт бүтiн жүзден алпыс 6ec) пайызы мөлшерiнде "Қазақмыс" корпорациясы";
      жарғылық капиталдың 15,5 (он бес бүтiн оннан бес) пайызы мөлшерiнде

"Өскемен титан-магний комбинаты" ашық акционерлiк қоғамдары акцияларының 
мемлекеттiк пакеттерiн сатуды жүзеге асырсын;
     2) осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацын орындауды 
сенiмгерлiк басқару туралы тиiстi келiсiм-шарт бұзылғаннан кейiн жүзеге 
асырсын;
     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрi З.Х.Кәкімжановқа жүктелсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.