Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнің "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк құралдаp орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 2 қазан N 1081

Қолданыстағы

      Дәрiлік құралдардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк құралдар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрiлiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Ұлттық орталық) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Ұлттық орталық қызметiнің негiзгi мәнiсi денсаулық сақтау саласында дәрiлік құралдардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгін және сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, сондай-ақ жаңа бiрегей дәрiлiк құралдарды әзiрлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Ұлттық мемлекеттiк басқарушы орган болып белгiленсiн.
      4. Ұлттық орталыққа қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсіпорындарды құруға рұқсат берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Ұлттық орталықтың Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" бөлімінде:
      реттік нөмiрi 9-31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-31. "Дәрiлiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық     мемлекеттік кәсіпорны                             Алматы қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде:
      "2. Мемлекеттік кәсiпорындар" бөлімінде:
      реттік нөмiрi 57-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "57. Дәрiлiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы".
      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2002 жылғы 2 қазандағы       
N 1081 қаулысына        
қосымша          

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылатын еншілес мемлекеттік кәсiпорындарының тізбесі

1. Астана қаласы бойынша Дәрi-дәрмек          Астана қаласы;
2. Жезқазған қаласы бойынша Дәрi-дәрмек       Жезқазған қаласы;
3. Семей қаласы бойынша Дәрі-дәрмек           Семей қаласы;
4. Ақмола облысы бойынша Дәрі-дәрмек          Көкшетау қаласы;
5. Ақтөбе облысы бойынша Дәрі-дәрмек          Ақтөбе қаласы;
6. Алматы облысы бойынша Дәрі-дәрмек          Талдықорған қаласы;
7. Атырау облысы бойынша Дәрі-дәрмек          Атырау қаласы;
8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Дәрi-дәрмек                                   Өскемен қаласы;
9. Жамбыл облысы бойынша Дәрі-Дәрмек          Тараз қаласы;
10. Батыс Қазақстан облысы бойынша
Дәрі-дәрмек                                   Орал қаласы;
11. Қарағанды облысы бойынша Дәрі-дәрмек      Қарағанды қаласы;
12. Қостанай облысы бойынша Дәрі-дәрмек       Қостанай қаласы;
13. Қызылорда облысы бойынша Дәрi-дәрмек      Қызылорда қаласы;
14. Маңғыстау облысы бойынша Дәрi-дәрмек      Ақтау қаласы;
15. Павлодар облысы бойынша Дәрі-дәрмек       Павлодар қаласы;
16. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Дәрi-дәрмек                                   Петропавл қаласы;
17. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Дәрі-дәрмек                                   Шымкент қаласы.