Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 105 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 105б

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 105 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:
      6-тармақтың кестесінде "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қылмыстық-атқару жүйесінің 79 мекемесін құрал-жабдықтармен, арнайы мақсаттағы құралдармен және көлік құралдарымен (ПМ пистолеті - 90, ПМ пистолетіне патрондар - 20000, АК автоматтары - 50, АК автоматына патрондар - 38600, медицина жабдықтарының 8 бірлігі, коммуналдық-тұрмыстық жабдықтардың 130 бірлігі (тамақ пісіретін электр қазандықтары - 41, тоңазытқыш шкафтар, тоңазытқыш камералар - 42, дезинфекциялау камералары - 22, кір жуғыш машиналар - 10, центрифугалар - 10, электр станциясының дизелі - 4, трансформатор - 1), қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған байланысы үшін телефон станциясымен және 3 арнаулы және 3 қызметтік автомобильдермен жарақтандыру";
      көрсетілген қаулыға 15-қосымшада:
      6-тармақтың кестесінде "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-баған "Қызылорда қаласындағы түзеу мекемесі құрылысының аумағында орналасқан бұзылуға жататын ғимараттар мен құрылыстар үшін өтемақы." деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі