"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерi қолбасшысының бас басқармасы оны Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетi (бұдан әрi - Комитет) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Комитет штат санының лимитi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi штат саны лимитiнің шеңберiнде 205 бiрлiк санында белгіленсiн.
3. Қоса берiлiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар (1-тармақ құпия) бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 26 қыркүйектегі
N 1057 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің
Iшкi әскерлер комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитеті (бұдан әрi - Комитет) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң мемлекеттік тiлдегi атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары болады және өзiнiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
4. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен өзінің құзыретiндегi мәселелер бойынша Комитет басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Комитеттің штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000 Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 63 б.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің Ішкі әскерлер комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Комитеттің негiзгi мiндеттерi:
1) маңызды мемлекеттік объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзетудi ұйымдастыру;
2) түзеу мекемелерiн күзетудi ұйымдастыру, сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдауылдау;
3) iшкi әскерлердiң қоғамдық тәртiптi сақтауға, қоғамдық тәртiптi жаппай және топтасып бұзудың жолын кесуге, қоғамдық қауiпсiздіктi және төтенше жағдайдың, құқықтық режимiн қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың (дүлей зiлзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға iшкi iстер органдарымен бiрлесе отырып қатысуын қамтамасыз ету;
4) соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету;
5) заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресудi ұйымдастыруға қатысу;
6) аса қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террорлық актiлердiң, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу болып табылады.
10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiнiң құзыретi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) iшкi әскерлер құрамаларының, әскери бөлiмдерi мен әскери-оқу орнының қызметтiк-жауынгерлік iс-әрекетiн ұйымдастыруды анықтайтын құқықтық кесiмдердi қабылдау және жетiлдiру;
2) ішкi әскерлердiң құрамаларына, әскери бөлiмдерiне, әскери оқу орнына қоғамдық қауiпсiздіктi қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртiптi жаппай және топтасып бұзудың жолын кесуге, қоғамдық қауiпсiздiктi және төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысуға байланысты мiндеттердi анықтау;
3) жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығы жүйелерiн, жедел, жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын үйлестiрудi келiсу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен өзара iс-қимыл жасау;
4) бекiтiлген штат санының лимитi шегінде iшкi әскерлер құрамаларының, әскери бөлiмдерiнің, әскери оқу орнының құрылымы, штат саны жөнiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министріне ұсыныстар дайындау;
5) iшкi әскерлердi олардың тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз етуде және төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюда iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдармен күресу, жанжал ауданын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террорлық актiлердiң, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауiпсiздiктi күзетудi күшейту жөнiндегі шараларды жүргiзу үшiн тарту туралы шешiмдердi орындауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн қолдану жоспарын, қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн дамыту бағдарламаларын әзірлеуге, аумақтық қорғаныс мiндеттерін жоспарлауға және орындауға қатысу;
7) iшкi әскерлерге жүктелген аумақтық қорғаныс мiндеттерін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiмен өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келiсу;
8) жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
9) iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн олар қызметтік-жауынгерлік мiндеттерін орындайтын орындарға тасымалдауды тиiстi мемлекеттiк органдармен және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің арнайы және әскери тасымалдау органдарымен бiрлесiп жоспарлау және ұйымдастыру;
10) iшкi әскерлердiң мұқтаждары үшін қару-жарақты, әскери техниканы, басқа материалдық құралдарды өндіруге, жөндеуге және жеткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттiк тапсырыстың орналастырылуын қамтамасыз ету;
11) iшкi әскерлер әскери қызметшiлерінің жауынгерлiк даярлығы сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әрi оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
12) офицерлік кадрларды iрiктеу, оқыту және орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
13) күрделi құрылысқа, казармалық-тұрғын үй қоры мен коммуналдық құрылыстарды ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған материалдық және қаржылық қаражатқа қажеттiлiктердi жоспарлау, iшкi әскерлердегi күрделi құрылысқа басшылық жасау;
14) ішкi әскерлердi материалдық-техникалық жарақтандырудың негiзгі бағыттары мен даму бағдарламаларын әзiрлеу;
15) қаржылық ресурстарды мақсатты пайдалану, осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде iшкi әскерлерге материалдық-техникалық құралдарды жеткiзуге арналған шарттар жасасу;
16) iшкi әскерлердің медициналық қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру;
17) iшкi әскерлердiң құрамалары, бөлiмдерi мен әскери оқу орындары орналасқан жерлерде санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатының қамтамасыз етілуін қадағалауды жүзеге асыру;
18) iшкi әскерлердiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
19) iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнің, iшкi әскерлер әскери оқу орнының қызметтік-жауынгерлік, қаржылық және шаруашылық қызметiн тексерудi қамтамасыз ету;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
11. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыреті шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, жетiлдiру және iске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне берiлген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құрылады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлар мен шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
15. Комитетті заңнамамен белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамамен белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бес орынбасары, оның iшiнде бір бiрiншi орынбасары болады.
16. Комитеттің төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң Қолбасшысы, ал оның орынбасарлары тиiсiнше Қолбасшының орынбасарлары болып табылады.
17. Комитеттiң төрағасы iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметiн ұйымдастырады әрi басшылық етедi және iшкi әскерлерге жүктелген міндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершiлiкте болады.
18. Комитеттiң төрағасы осы мақсаттарда:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң, iшкi әскерлер құрамаларының, әскери бөлiмдерi мен әскери оқу орны құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкілеттіліктері мен міндеттерін анықтайды;
2) ішкі әскерлердiң тұрақты және жауынгерлiк жұмылдыру даярлығын ұстайды;
3) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда комитетті бiлдiредi;
4) озық тәжiрибелердi енгiзедi, материалдық базасын дамытады және ішкi әскерлердiң жеке құрамы үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдай жасайды;
5) iшкi әскерлердi әскерге шақыру бойынша мерзiмдi қызметтегi және ерiктi түрде келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлермен жинақтау, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес запасқа босатуды ұйымдастыру жоспарларын әзiрлейдi;
6) заңнамаға сәйкес iшкi әскерлер офицерлерiнiң әскери қызмет өткеру мәселелерiн шешедi, подполковникке дейiнгілердi қоса алғанда лауазымға тағайындайды, лауазымдардан босатады, кезектi әскери атақтар бередi, запасқа немесе отставкаға шығарады;
7) заңнамамен белгiленген тәртiппен әскери қызметшiлерге тәртіптік жаза қолданады;
8) бұйрықтарға, директиваларға, өкiмдерге қол қояды және құрамалардың, әскери бөлiмдердiң штаттарын бекiтедi;
9) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн, қызметкерлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзедi;
10) бағдарламалардың әкiмшiсiнен түскен бюджеттiк қаржыны iшкi әскерлердiң құрамалары, әскери бөлiмдерi мен әскери-оқу орнына үлестіреді;
11) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ережелерiн және iшкi әскерлердiң құрамалары мен әскери бөлімдерінің, әскери-оқу орындарының жарғыларын бекiтедi;
12) ішкi әскерлердегi әскери-ғылыми қызметтiң ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
13) әскерлердi қаруландыруға (жарақтандыруға) жауынгерлiк және басқа техника мен өзге мүлiкті қабылдайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiппен тозығы жеткен немесе жоғалған материалдық құндылықтар мен әскери (бюджеттік) есептiң ақшалай қаражатын тiзiмнен шығарады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 26 қыркүйектегі
N 1057 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Құпия.
2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74 қаулысына:
"Орталық органдардың аппараты" бөлiмiндегi республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын iшкi iстер органдарының санында:
"Iшкi әскерлердiң бас басқармасының аппараты" деген сөздер "Iшкi әскерлер комитетiнiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 11, 100-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы:
"Iшкi әскерлер комитетi" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 202
қаулысына
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттарында:
"Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасы", "Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасының", "Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнің Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасы" деген сөздер "Iшкi әскерлер комитетi", "Iшкi әскерлер комитетiнiң" "Қазақстан Республикасы IIМ Iшкi әскерлер комитет" деген сөздермен ауыстырылсын.