Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1042

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Зейнолла Халидоллаұлы Кәкімжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
      2. Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2002 жылғы 5 ақпандағы N 165  

P020165_

  қаулысына:
     1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан 
Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1999 жылғы 5 қарашадағы N 1661  

P991661_

  қаулысына:
     1-тармақ алынып тасталсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.