Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1040. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1105 қаулысымен. 

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      3-тармақтағы "4" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтағы, 10-тармақтың 1) тармақшасындағы, 11-тармақтың 1) тармақшасындағы "кен-металлургия, химия" деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақтың 13) тармақшасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағының," деген сөздер алынып тасталсын;
      11-тармақта:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) инвестициялық бағдарламалар конкурстарын ұйымдастырады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтар беру жөнінде келіссөздер жүргізеді;";
      40) тармақша алынып тасталсын;
      41) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтініндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілерін, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын" деген сөздер "бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" бөліміндегі реттік нөмірлері 8 және 20-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі