1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы ережеде:
1-тармақта:
"қоғамдық, кәсіби жағынан танылған" деген сөздер алынып тасталсын;
"беріледі." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.";
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.";
екінші абзацта:
"жұмысты" деген сөз "кандидатураны" деген сөзбен ауыстырылсын;
", сондай-ақ еңбектерінің жиынтығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың бірінші абзацында:
"Шығармалар мен еңбектерді ұсыну, оларды", "сараптау және" деген сөздер алынып тасталсын;
"қабылдау" деген сөздің алдында "Конкурстық құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
"сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.
Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.";
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидатураларды сыйлыққа орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіби одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар ұсынады.";
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Ғылым" атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі.";
8-тармақта:
"қатысатын жұмыстар" деген сөздер "қатысушы кандидаттардың қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"көпшілік алдында көрсетілуі және" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақтағы "басқа да жұмыстарымен" деген сөздер "қызметімен" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақтағы "өзара" деген сөз "олардың мүшелері арасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясы туралы ережеде:
тақырыбында "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады.";
2-тармақтың үшінші абзацындағы "25" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші абзацтағы "жұмыстарды" деген сөз "кандидатуралардың конкурстық құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
"жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
"авторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацта:
"жұмыстардың" деген сөз "кандидатуралардың қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
"үшін, олар жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы "жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "жұмысы" деген сөз "кандидатурасы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.26. N 897
қаулысымен
.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі N 1074 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 365-құжат) күші жойылды деп танылсын.