С.Д.Пірімбетов, Н.Қ.Есенғарин туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 қыркүйек N 1025. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.22. N 940 қаулысымен.

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
     Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) Интеграциялық Комитетіне Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес Серік Достанұлы Пірімбетовтің кандидатурасын ЕурАзЭҚ Бас хатшысының орынбасары қызметіне бекітуге және бұл қызметтен Нығматжан Қабатайұлы Есенғаринді босатуға ұсынсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі