Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 19 сәуiрдегі N 451 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 13 қыркүйек N 997

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар 
конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 19 сәуiрдегi N 451  

P020451_

  қаулысына 
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     1-тармақта:
     1) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар 
конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
     Самақова                   - Қазақстан Республикасының
     Айткүл Байғазықызы           Қоршаған ортаны қорғау министрi;
   
     Әшiмов                     - Қазақстан Республикасының
     Нұрғали Сәдуақасұлы          Энергетика және минералдық
                                  ресурстар бiрiншi вице-министрi;
     Дунаев                     - Қазақстан Республикасының
     Арман Ғалиасқарұлы           Экономика және бюджеттік
                                  жоспарлау вице-министрi;
     2) мына:
     "Жәмiшев                   - Қазақстан Республикасының
     Болат Бидахметұлы            Қаржы вице-министрi
     Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының
     Әбiлғазы Қалиәкпарұлы        Экономика және сауда
                                  вице-министрi"
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Жәмiшев                   - Қазақстан Республикасының
     Болат Бидахметұлы            Қаржы бiрiншi вице-министрi
 
     Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының
     Әбілғазы Қалиәкпарұлы        Индустрия және сауда
                                  вице-министрi";
     3) көрсетілген құрамнан Шоқпытов Андар Мәулешұлы шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
 
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.