Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 12 қыркүйек N 995

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнің         
2002 жылғы 12 қыркүйектегі
N 995 қаулысымен      
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгінiң Аэроғарыш комитетi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ аэроғарыш қызметi саласын басқаруды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметінің кесімдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, өзінің атауы мемлекеттiк тілде жазылған басқа да мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi болады.
      Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитеттің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 480004, Алматы қаласы, Фурманов көшесi, 50.
      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігiнiң Аэроғарыш комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнінде кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен құқық берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) аэроғарыш қызметi саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) Қазақстан Республикасының ғарыш кешенiн және аэроғарыштық өнiмдер мен қызметтер көрсетудiң рыногын дамытудың қысқа мерзімдi, орта мерзімдi кезеңге арналған жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу;
      3) Қазақстан Республикасының аэроғарыштық инфрақұрылымын сақтау және дамыту жөніндегi iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      4) аэроғарыш қызметi саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысу және iске асырылуын қамтамасыз ету;
      5) ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыш қызметi саласында кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру болып табылады.
      10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) аэроғарыш саласында, оның iшiнде Қазақстанның тиiстi халықаралық ұйымдар мен институттардың қызметiне қатысуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      2) аэроғарыш саласына шетелдiк кредиттер мен инвестицияларды тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      3) Қазақстан Республикасындағы аэроғарыштық инфрақұрылымның жай-күйiн және аэроғарыш техникасы мен технологияларының әлемдiк үрдiстерiн талдайды және дамуын болжайды;
      4) "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартын, Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы халықаралық келiсiмдерi мен шарттарын орындау жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiрудi ұйымдастырады;
      5) "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартының және оған қосымша Келiсімдер қағидаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, өзiнің құзыретi шегінде "Байқоңыр" кешенiнің ұйымдастыру және өзге де шаруашылық мәселелерiн шешедi;
      6) Қазақстан Республикасының ғарыш кешенiн дамытудың тұжырымдамалары мен бағдарламаларын, ғарыштық кеңiстiктi зерттеу және пайдалану жөніндегi жобаларды әзiрлеудi және iске асырады;
      7) аэроғарыш қызметi саласында заңнаманың қолданылу тәжiрибесiн талдайды және қорытындылайды, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, аэроғарыш қызметi саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын дайындауға қатысады;
      8) аэроғарыш қызметi саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысады;
      9) аэроғарыш қызметi саласында экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
      10) аэроғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың басқару органдарында өз құзыретiнiң шегiнде мемлекет мүдделерiн білдiредi;
      11) аэроғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн заңды тұлғалардың қызметiне талдауды жүзеге асырады;
      12) өз құзыретiнің шегiнде ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
      13) ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыш саласында мамандар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады және үйлестiредi;
      14) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      11. Комитет негiзгi мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртіппен және өз құзыретi шегiнде:
      1) нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
      2) "Байқоңыр" кешенінің, оның iшiнде Ресей Федерациясы жалға алған объектілердің пайдаланылу жағдайлары мен сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      3) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпаратты сұрауға және алуға;
      4) мемлекеттiк кәсіпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгiзуге;
      5) өзiнің қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
      6) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      7) басқа мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ жетекшi ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Мүлкi

      12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттің мүлкi құны мемлекеттiк органның теңгерімінде көрсетiлетін, мемлекет оған берген мүлiктің есебiнен қалыптастырылады.
      13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

4. Қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары болады.
      16. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
      17. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
      1) өзінiң орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi жетекшiлерінің міндеттерi мен өкілеттiктерiн айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде Комитеттiң құрылымын және штат кестесiн бекiтедi;
      3) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ тәртiптiк жаза қолданады;
      5) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
      6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және заңнамада белгiленген жағдайларда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
      7) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес Комитеттi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда білдiредi;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнің        
2002 жылғы 12 қыркүйектегі
N 995 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігiнің Аэроғарыш комитетi" бөлiмi және реттiк нөмiрi 106а-3-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" бөлiмі мынадай мазмұндағы кiшi бөлiммен және реттiк нөмiрi 72-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетi
72   "Инфракос" республикалық
     мемлекеттiк кәсiпорны
     (шаруашылық жүргiзу
     құқығында)                               Байқоңыр қаласы;".
      2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу.";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13-3) аэроғарыш қызметi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
      13-4) "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектiлерiн тиiмдi пайдалану жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiредi;".
      3. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердің, агенттiктердің және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 8-жолда "424" деген сан "464" деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) Аэроғарыш комитетi 40";
      реттiк нөмiрi 10-жолдың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнің        
2002 жылғы 12 қыркүйектегі 
N 995 қаулысына       
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 353-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 1358 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 421-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 26 мамырдағы N 798 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 281-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.