1. "Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметiнiң арасында ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнің жобасы (бұдан әрi - Келiсiм) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Келiсiмдi жасассын. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi тартылатын грант қаражатын мақсатты және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшiлігінiң нотасы Жоғары мәртебелi,
Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығы жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Жапония Үкiметiнiң өкiлдерi арасында жақында өткізілген талқылауды қуаттауды әрi Жапония Үкiметiнiң атынан мынаны ұсынуды мәртебе санаймын.
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Қызылорда қаласындағы көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапония заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне төрт жүз алпыс жетi миллион (Y 467,000,000) иен мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталады) бөледi.
2. Грант осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап _____ жылдың iшiнде ұсынылады.
3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы бодандарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады ("бодандар" терминi жапондық бодандар жөнiнде - жапондық жеке немесе заңды тұлғаларды, қазақстандық бодандар жөнiнде - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi):
(а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары мен жабдық;
(б) Қазақстан Республикасына және ел iшiнде (а) тармақшасында
көрсетiлген өнiмдердi тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер. (2) Егер екi Үкiмет қажет деп тапса, (1) тармақтың жоғарыда айтылған шартына қарамастан, Грант (1) тармақтың (а) тармақшасында көрсетiлген өнiмдердiң Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылғанын әрi (1) тармақтың (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген қызметтердi Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдер азаматтарынан немесе заңды тұлғаларынан сатып алуға пайдаланылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер министрi Жоғары мәртебелi ______________________________
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 3-параграфта айтылған өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапондық иенде келiсiм-шарт жасасады. Грант үшiн ыңғайлы келiсiм-шарттарды Жапония Үкiметi бекiтетiн болады.
5. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 4-параграфқа сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттарға (бұдан әрi "Бекiтiлген Келiсiм-шарттар" деп аталады) сай алған мiндеттемелердi жабу үшiн Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары жапондық иенмен Жапония банкiсiнде (бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына ашылған шотқа төлемдер жасау жолымен ресiмдейдi.
(2) (1) тармақта көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары өкiлдiк берген Банкке Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiне ақы төлеу жүргiзу берiлген ретте орындалады.
(3) (1) тармақта көрсетiлген шотты ашудың жалғыз мақсаты 3-параграфта айтылған өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жапондық иенде төлемдер алуы болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебет алуға қатысты рәсiмдiк егжей-тегжейлер Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы консультациялар кезiнде келiсiледi.
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай шараларды қабылдайды:
(а) Грант арқылы сатып алынған тауарларды кедендiк ресiмдеуге және Қазақстан Республикасы аумағында iшкi тасымалдауға кепілдiк беру;
(б) Жапония бодандарын Грант қаражаты есебiнен алған өрiстерiнен табыс салығын төлеуден босату;
(в) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын Жапония бодандарына өздерiне тиiстi жұмыстарды орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету;
(г) Жобаны iске асыру мақсатында Грант бойынша сатып алынған тауарларды мақсатты және тиiмдi пайдалануға кепілдiк беру;
(д) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығысты көтеру.
(2) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грант арқылы сатып алынатын тауарларды көлiктiк және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты көлiктiк және теңіздiк тасымалдарды сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
(3) Грант арқылы сатып алынатын тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары қайта экспортқа шығарылмайды.
7. Грант беруге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi Үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
Осы нота мен Жоғары мәртебелiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне
қатысты жоғарыда баяндалғанды қуаттаған жауап нотасы осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орындағаны туралы жазбаша хабарламасын Жапония Үкiметi алған күннен бастап күшiне енетiн екi мемлекет үкiметтерi арасындағы Келiсiм болып табылатындығын хабарлауды мәртебе санаймын. Жоғары мәртебелiге өзiмнiң терең құрметiмдi бiлдiру үшiн осы мүмкiндiктi пайдаланып отырмын. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң нотасы Жоғары мәртебелi, Мәтiнi төменде келтiрiлген Сiздiң ________ N ____ нотаңызды алғандығымды хабарлауды мәртебе санаймын. "Жоғары мәртебелi,
Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығы жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Жапония Үкiметiнiң өкілдерi арасында жақында өткізілген талқылауды қуаттауды әрi Жапония Үкiметiнiң атынан мынаны ұсынуды мәртебе санаймын.
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қызылорда қаласындағы көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапония заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне төрт жүз алпыс жетi миллион (Y 467,000,000) иен мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталады) бөледi.
2. Грант осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап _____ жылдың iшiнде ұсынылады.
3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы бодандарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады ("бодандар" терминi жапондық бодандар жөнiнде - жапондық жеке немесе заңды тұлғаларды, қазақстандық бодандар жөнiнде - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi):
(а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары мен жабдық;
(б) Қазақстан Республикасына және ел iшiнде (а) тармақшасында көрсетiлген өнiмдердi тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер.
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
Жоғары мәртебелi
________________________________
(2) Егер екi Yкiмет қажет деп тапса, (1) тармақтың жоғарыда айтылған шартына қарамастан, Грант (1) тармақтың (а) тармақшасында көрсетiлген өнiмдердiң Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылғанын әрi (1) тармақтың (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген қызметтердi Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдер азаматтарынан немесе заңды тұлғаларынан сатып алуға пайдаланылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 3-параграфта айтылған өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапондық иенде келiсiм-шарт жасасады. Грант үшiн ыңғайлы келiсiм-шарттарды Жапония Үкiметi бекiтетiн болады.
5. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 4-параграфқа сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттарға (бұдан әрi "Бекiтiлген Келiсiм-шарттар" деп аталады) сай алған мiндеттемелердi жабу үшiн Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары белгiлеген жапондық иенмен Жапония банкiсiнде (бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына ашылған шотқа төлемдер жасау жолымен ресiмдейдi.
(2) (1) тармақта көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары өкiлдiк берген Банкке Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiне ақы төлеу жүргiзу берілген ретте орындалады.
(3) (1) тармақта көрсетiлген шотты ашудың жалғыз мақсаты 3-параграфта айтылған өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жапондық иенде төлемдер алуы болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебет алуға қатысты рәсiмдiк егжей-тегжейлер Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы консультациялар кезiнде келiсiледi.
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай шараларды қабылдайды:
(а) Грант арқылы сатып алынған тауарларды кедендiк ресiмдеуге және Қазақстан Республикасының Үкiметi аумағында iшкi тасымалдауға кепiлдiк беру;
(б) Жапония бодандарын Грант қаражаты есебiнен алған кiрiстерiнен табыс салығын төлеуден босату;
(в) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын Жапония бодандарына өздерiне тиiстi жұмыстарды орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету;
(г) Жобаны iске асыру мақсатында Грант бойынша сатып алынған тауарларды мақсатты және тиiмдi пайдалануға кепілдiк беру;
(д) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажетті барлық шығысты көтеру.
(2) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грант арқылы сатып алынатын тауарларды көлiктiк және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты көлiктiк және теңiздiк тасымалдарды сақтандыру компанияларының арасында әділ әрi еркін бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
(3) Грант арқылы сатып алынатын тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары қайта экспортқа шығарылмайды.
7. Грант беруге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi Үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
Осы нота мен Жоғары мәртебелiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне қатысты жоғарыда баяндалғанды қуаттаған жауап нотасы осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орындағаны туралы жазбаша хабарламасын Жапония Үкiметi алған күннен бастап күшiне енетiн екi мемлекет үкiметтерi арасындағы Келiсiм болып табылатындығын хабарлауды мәртебе санаймын.
Жоғары мәртебелiге өзiмнiң терең құрметiмдi білдiру үшiн осы мүмкiндiктi пайдаланып отырмын."
Қазақстан Республикасының Үкiметi Жапония Үкiметiнiң ұсынысымен келiседi және Жоғары мәртебелiнiң ________ N ___ нотасы мен осы нота бұл Келiсiм күшiне енуі үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орындағаны туралы жазбаша хабарламасын Жапония Үкiметi алған күннен бастап күшiне енетiн екi мемлекет үкiметтерi арасындағы Келiсiм болып табылатындығын хабарлауды мәртебе санаймын.
Жоғары мәртебелi, өзiмнiң терең құрмет бiлдiруiмдi қабыл алыңыз.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер министрi _________________________
Астана 2002 жылғы "___" __________
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.