Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрілетін инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегi N 1384
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 457-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесiнде:
2-тармақ мынадай он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"- фармацевтика және медицина өнеркәсібі.";
2) "Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерлерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 сәуiрдегi N 443
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 117-құжат):
2-тармақтың 1) тармақшасында:
"екіншi" деген сөзден кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Қызметкерлерiне далалық жабдықталым төленетiн дала ұйымдарының тiзiмдерiн жоғары тұрған ұйымдар жыл сайын, жылдық жұмыс жоспарларын бекітумен бір мезгiлде бекiтедi.";
"үшiншi" деген сөзден кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Тiзiмдердi бекiту тиiстi кәсiподақ комитетiмен келiсiм бойынша жүргiзiледi. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру ұйымдарының (кәсіпорындардың) тізімге енгізілмеген, бірақ дала жұмыстарының орындайтын қызметкерлеріне далалық жабдықталым ақы осы Ережеде көзделген тәртіппен төленеді".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі