Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 тамыз N 932

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесi;
      1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi; <*>
      2) радиожиiлік спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудің жылдық ставкалары;
      3) теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары;
      4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиектi құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N  1016   қаулысымен .

      2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын (спектрiн) пайдалану үшін республикалық бюджетке ақы төлеу ережесiн және ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 15 маусымдағы N 825  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 235-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы    
N 932 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесi

      1. Осы Ереже теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттар (рұқсаттар телнұсқаларын) беру тәртiбiн анықтайды.

      2. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдары радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмдi екi данада ұсынады.

      3. Радиожиiліктi белгiлеуге арналған өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы нотариалды куәландырылған куәлiктiң көшiрмесi;
      2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензияның көшiрмесi;
      4) антенна бағытталуының нормаланған диаграммалары қоса берiлген белгiленген үлгідегi радиоэлектрондық құралға арналған сауалнама;
      5) сұралатын жиiлiк белдеуiнiң негiздемесi келтiрiлетiн, жоспарланған радиоторабының (радиожелiсi) мақсаты мен сипаты, қолдануға жоспарланған радиоэлектрондық құралдардың ерекшелiктерi туралы мәлiметтер нақты жазылған түсiндiрме жазба, байланыс ұйымының схемасы;
      6) теледидар (радио хабарларын тарату) станцияларын орнату орны көрсетiлген болжамды қызмет көрсету аумағының жергiлiктi жерi картасының көшiрмесi;
      7) бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      8) "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамы беретiн радиоэлектронды құралдардың азаматтық мақсаттағы қолданыстағы және пайдалану үшiн жоспарланатын радиоэлектронды құралдармен электр магниттiк үйлесiмділігі сараптамасының қорытындысы.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.18. N  1044  қаулысымен.

      4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмнiң және оған қоса берiлген құжаттардың жинақталуын әрi дұрыс ресiмделуiн тексередi.
      Радиожиiлiктi белгілеуге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмi оның тiркелген күнiнен бастап 10 күннен аспауы тиiс.
      Өтінiм толық жинақталмаса немесе дұрыс ресiмделмесе, ол қажеттi толықтырулар және/немесе түзетулер енгiзу үшiн теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымына қайтарылады.
      Радиожиілiктi белгiлеуге арналған өтiнiм қайта берiлген жағдайда оны қарау мерзiмi жаңартылады.
      Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмнiң бiр данасы байланыс саласындағы уәкiлеттi органға жiберіледi, екiншi данасы байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнде қалады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.18. N  1044  қаулысымен.

      5. Байланыс саласындағы уәкiлетті орган осы Ереженiң 4-тармағының бесiншi абзацында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейiн белгiленген тәртiппен жиiлiктер, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) белдеулерiн беру рәсiмiн жүргiзедi және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиіліктердi халықаралық үйлестіру және радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресiмдеу жөнiндегi іс-шараларды орындайды.
      Өтiнiм жасалған радиожиілік (радиожиiлiк арнасы) бос болған жағдайда, сондай-ақ радиожиіліктердi келiсудi және халықаралық үйлестiрудi жүргізуде қажеттiлiк болмаса, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгіленген үлгiдегi өтінім түскен күннен бастап екі ай мерзiмнен кешіктірмей радиожиілік спектрін пайдалануға арналған тиiстi рұқсатты ресiмдейдi. Өзге жағдайда байланыс саласындағы уәкiлетті орган радиожиіліктерді радиожиiлiк органдарымен келiсу рәсiмiн және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиіліктерді шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) халықаралық үйлестірудi жүргiзедi, бұл ретте өтiнiмдi қарау мерзiмi тиiсiнше отыз күнге және төрт айға дейiн ұзартылуы мүмкін.
      Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган радиожиіліктердi шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестiрудi жүргiзу кезiнде өтiнiм иесiне өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы алдын ала жазбаша нысанда хабарлама бередi. Радиожиілiктердi келiсу және халықаралық үйлестiру нәтижелерi бойынша радиожиілік спектрін пайдалануға тиiстi рұқсат ресімделеді не жазбаша дәлелдi бас тарту берiледi.
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.18. N  1044  қаулысымен.

      6. Радиожиілік спектрiн пайдалануға берiлген рұқсат міндетті түрде мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
      1) жиілік, радиожиілік (радиожиілiк арнасы) белдеуi және қолданылу түрі;
      2) техникалық құралдардың орналасқан жерi, оның iшiнде географиялық координаталарды көрсете отырып, антенна құрылғыларының орналасуы;
      3) хабар беруші құралдың нақты қуаты.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.18. N  1044  қаулысымен.

      7. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымына беру үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi. Рұқсатты алғаннан кейiн аумақтық бөлiмше үш күн мерзiм iшiнде өтiнiш берушiге хабарлайды.

      8. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алымды бюджетке енгізгенiн растайтын құжатты ұсынғаннан кейiн беріледi.

      9. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат жоғалған, бүлiнген немесе жойылған жағдайда, теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымдары байланыс саласындағы уәкілетті органға және оның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне телнұсқасын алуға жазбаша өтiнiш бередi.
      "Телнұсқа" деген белгiсi бар радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын төлеушi теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын бергенi үшiн алынатын алым ставкасына сәйкес теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алымның бюджетке енгiзiлгенiн растайтын құжаттарды бергеннен кейiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi алған күннен бастап 15 күннiң iшiнде бередi.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2002 жылғы 21 тамыздағы    
N 932 қаулысымен      
бекiтілген      

Радиожиiлік спектрін пайдаланғаны үшін 
ақы төлеудің жылдық  ставкалары 

______________________________________________________________
Р/с|                       |   Пайдалану          | Ақы төлеудің
N  |  Радиобайланыс түрi   |    аумағы            |жылдық ставкасы
   |                       |                      |(айлық есептік
   |                       |                      |   көрсеткіш)
____________________________________________________________________
1               2                          3                    4
___________________________________________________________________
1    Пейджинг - дербес
     радиошақыру радиожүйелерi
     (таратқыштың шығу қуаты
     50 Вт-қа дейiн болғанда
     және оны қоса алғанда енi
     25 кГц жиiлiк белгiленгенi
     үшiн)
1)                                 200 мың адамнан              139
                                   астам халқы бар елді
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың            90 
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен 
3)                                 50 мыңға дейiн халқы         48
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-              5
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
2   Пейджинг - дербес
    радиошақыру радиожүйелерi
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-ты қоса алғанда және
    одан астам болғанда енi 25
    кГц жиiлiк белгiленгенi
    үшiн)
1)                                 200 мың адамнан              278 
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың            180
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы         96 
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-             10
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
3   Пейджинг - сол аумаққа
    бекiтiлген, сол жиiлiктерде
    репитердi пайдалану кезiнде
    дербес радиошақыру
    радиожүйелерi
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-қа дейiн болғанда енi
    25 кГц жиiлiк белгіленгенi
    үшін)
1)                                 200 мың адамнан             69,5
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың            45
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы         24
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-             2,5
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
4   Транкинг байланысы
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-қа дейiн болғанда
    қабылдауға енi 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплекстi арна үшін)
1)                                 200 мың адамнан              94   
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың            61
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы         33
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-             4
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
5   Транкинг байланысы
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-ты қоса алғанда және
    одан жоғары болғанда
    қабылдау ені 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплекстi арна үшiн)
1)                                 200 мың адамнан              188
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың            122
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы         66 
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-             8
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
6   Сол аумаққа бекiтiлген, сол
    жиiлiктерде репитердi
    пайдаланған кездегi транкинг
    байланысы (таратқыштың
    шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн
    болғанда қабылдауға енi 25
    кГц/беруге 25 кГц дуплекстi
    арна үшiн)
1)                                 200 мың адамнан              47
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың          30,5
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы       16,5
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-             2
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
7   УҚТ-өрiстi радиобайланыс
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-қа дейiн және оны
    қоса алғанда қабылдауға енi
    25 кГц/беруге 25 кГц
    дуплекстi арна үшiн)
1)                                 200 мың адамнан              47
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың            31
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы         14
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-             3
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
8   УҚТ-өрiстi радиобайланыс
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-тан астам болғанда
    қабылдауға ені 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплексті арна үшін)  
1)                                 200 мың адамнан              94
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың            62
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы         28
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-             6
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
9   Сол аумаққа бекiтiлген, сол
    жиiлiктерде репитердi
    пайдалану кезінде УҚТ-өрісті
    радиобайланыс (таратқыштың
    шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн
    болғанда қабылдауға енi 25
    кГц/беруге 25 кГц дуплекстi
    арна үшін)  
1)                                 200 мың адамнан             23,5
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың           15,5
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы         7
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-            1,5
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
10  УҚТ-өрiстi радиобайланыс
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-қа дейiн және оны
    қоса алғанда енi
    25 кГц симплекстi арна
    үшiн)
1)                                 200 мың адамнан             23,5
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың           15,5
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы        7
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-            1,5
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
11  УҚТ-өрiстi радиобайланыс
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-тан астам болғанда
    енi 25 кГц симплекстi 
    арна үшiн)
1)                                 200 мың адамнан            47
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың          31
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы       14
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-           3
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)     

12  ОТ-өрiстi радиостанциялар      Қазақстан Республикасы     1    
    (27 МГц) (бip станцияда
    пайдаланылатын барлық
    жиіліктер үшiн)
13  ҚT-байланыс (таратқыштың       облыс                      10
    шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн
    және оны қоса алғанда бiр
    жиiлiк белгiленгенi үшiн)
14  ҚТ-байланыс (таратқыштың       облыс                      20
    шығу қуаты 50 Вт-тан астам
    болғанда бiр жиiлiк
    белгiленгені үшін)
15  Радиоұзартқыштар
    (таратқыштың шығу қуаты
    25 кВт-қа дейiн болғанда
    қабылдауға ені 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплeкcтi арна үшiн):
1)  Бiр арналы                     облыс                      6 
2)  Көп арналы                     облыс                      0,6
16  Радиоұзартқыштар   
    (таратқыштың шығу қуаты
    25 кВт-тан астам болғанда
    қабылдауға ені 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплексті арна үшiн):
1)  Бiр арналы                     облыс                      12 
2)  Көп арналы                     облыс                      1,2
17  Қуаты 2 Вт-қа дейінгі          облыс                      0,5
    төменгі қуатты
    радиостанциялар (бір
    абоненттiк станция үшін
    пайдаланылатын барлық
    жиiлiктер үшiн)
18  Әуесқойлық                     Қазақстан Республикасы     0,2
    радиостанциялар (бір
    станция үшін
    пайдаланылатын барлық
    жиiлiктер үшiн)
19  Ұялы байланыс (қабылдауға      облыс                      53
    ені 10 кГц/беруге 10 кГц
    жиiлiк белдеуi үшiн)
20  Ғаламдық дербес                Қазақстан Республикасы     18
    жылжымалы спутниктік
    байланыс жүйесi
    (қабылдауға ені 100
    кГц/беруге 100 кГц
    жиiлiктердiң дуплексті
    белдеуi үшін)
21  HUB - технологиялы             Қазақстан Республикасы     30
    спутниктiк байланыс (HUB-
    қа пайдаланылатын
    қабылдауға ені 100
    кГц/беруге 100 кГц белдеуi
    үшін)
1)  HUB-технологиясынсыз           Қазақстан Республикасы     100
    спутниктiк байланыс (бір
    станция пайдаланатын
    жиіліктер үшін)
22  Радиорелелi желілер
    (бір аралықтағы дуплекстi
    арна үшін):
1)  Жергiлiктi                     аудан, қала, кент,         40 
                                   ауыл (село), ауылдық
                                   (селолық) округ
2)  Аймақтық                       Қазақстан Республикасы     10
3)  Магистральдық                  Қазақстан Республикасы     7 
23  Радиорелелi желiлер
    (бip аралықтағы симплекстi
    арна үшін):
1)  Жергiлiктi                     аудан, қала, кент,         20
                                   ауыл (село), ауылдық
                                   (селолық) округ
2)  Аймақтық                       Қазақстан Республикасы     5
3)  Магистральдық                  Қазақстан Республикасы     3,5 
24  WLL (қабылдауға ені 25
    кГц/беруге 25 кГц дуплекстi
    арна үшін)
1)                                 200 мың адамнан            30
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың          15
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы       3
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-           1
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
25  КБС-технологиясы
    пайдаланылған жағдайда
    WLL (қабылдауға енi
    2МГц/беруге 2МГц дуплекстi
    арна үшiн)
1)                                 200 мың адамнан            190
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың          90
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы       10
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-           2
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)
26  Эфирлiк-кабельдiк теледидар
    (8 МГц жиiлiк белдеуi үшiн)
1)                                 200 мың адамнан            300
                                   астам халқы бар елдi
                                   мекен
2)                                 50 мыңнан 200 мың          134
                                   адамға дейiн халқы
                                   бар елдi мекен
3)                                 50 мыңға дейiн халқы       45
                                   бар аудандық маңызы
                                   бар қала, аудан
4)                                 басқа әкiмшiлiк-           3
                                   аумақтық бiрлiктер
                                   (кент, ауыл (село),
                                   ауылдық (селолық)
                                   округ)        

27  Бекiтiлген байланыс*           облыс                      10
    (радиомодем, жағалаулық
    байланыс, телеметрия және
    т.б.) жоғарыда
    көрсетiлгендерден басқа
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-қа дейiн болғанда
    қабылдауға енi 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплекстi арна үшiн)
28  Бекiтiлген байланыс*           облыс                      20 
    (радиомодем, жағалаулық
    байланыс, телеметрия және
    т.б.) жоғарыда
    көрсетiлгендерден басқа
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-қа астам болғанда
    қабылдауға енi 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплекстi арна үшiн)
29  Бекiтiлген байланыс*           облыс                      5
    (радиомодем, жағалаулық
    байланыс, телеметрия және
    т.б.) жоғарыда
    көрсетiлгендерден басқа (сол
    аумаққа бекiтiлген, сол
    жиiлiктерде репитердi
    пайдаланған кезде
    таратқыштың шығу қуаты 50
    Вт-қа дейiн болғанда
    қабылдауға енi 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплекстi арна үшiн)
30  Бекiтiлген байланыс*           облыс                      5
    (радиомодем, жағалаулық
    байланыс, телеметрия және
    т.б.) жоғарыда
    көрсетiлгендерден басқа
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-қа дейiн және оны
    қоса алғанда қабылдауға енi
    25 кГц беруге 25 кГц
    симплексті арна үшiн) 
31  Бекiтiлген байланыс*           облыс                      10    
    (радиомодем, жағалаулық
    байланыс, телеметрия және
    т.б.) жоғарыда
    көрсетiлгендерден басқа
    (таратқыштың шығу қуаты
    50 Вт-тан астам болғанда
    қабылдауға енi 25 кГц/беруге
    25 кГц дуплекстi арна үшiн)
32  Жылжымалы байланыс**,          облыс                      20
    жоғарыда көрсетiлгендерден
    басқа (таратқыштың шығу
    қуаты 50 Вт-қа дейiн
    болғанда қабылдауға енi 25
    кГц/беруге 25 кГц 
    дуплекстi арна үшiн)
33  Жылжымалы байланыс**,          облыс                      40 
    жоғарыда көрсетiлгендерден
    басқа (таратқыштың шығу
    қуаты 50 Вт-тан астам
    болғанда қабылдауға енi 25
    кГц/беруге 25 кГц 
    дуплекстi арна үшiн)
34  Жылжымалы байланыс**,          облыс                      10
    жоғарыда көрсетiлгендерден
    басқа (таратқыштың шығу
    қуаты 50 Вт-қа дейiн
    болғанда қабылдауға енi 25
    кГц/беруге 25 кГц дуплексті
    арна үшiн) сол аумаққа
    бекiтiлген жиіліктi репитердi  
    пайдаланған кезде
35  Жылжымалы байланыс**,          облыс                      10 
    жоғарыда көрсетiлгендерден
    басқа (таратқыштың шығу
    қуаты 50 Вт-қа дейін
    болғанда енi 25 кГц
    симплекстi арна үшiн)
36  Жылжымалы байланыс**,          облыс                      20
    жоғарыда көрсетiлгендерден
    басқа (таратқыштың шығу
    қуаты 50 Вт-тан астам
    болғанда енi 25 кГц
    симплекстi арна үшiн)

      * бекiтiлген қызмет - белгiлi бiр бекiтiлген пункттер арасындағы радиобайланыс қызметi
      ** жылжымалы байланыс - жылжымалы және базалық (стационарлық) станциялардың арасындағы немесе жылжымалы станциялардың арасындағы радиобайланыс қызметi
      Кең белдеулi сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезiнде ақы қабылдауға енi 2МГц/беруге 2МГц белдеу үшiн алынады.
      Ескерту:
      Радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлем сомасын он екiге бөлiп, оны радиожиiлiк спектрi пайдаланылған жылдағы айлардың санына көбейту арқылы анықталады.
      Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы алты айға дейiн және оны қоса алғандағы мерзiмге тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де iс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиобайланыс түрiне және радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай, оны нақты пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн ақының жылдық ставкасының кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi.
      Енi Ставкаларда көрсетiлгеннен өзге дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы ставкалары төлеуші нақты қолданылатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң үлестi салмағының Ставкаларда көрсетiлген дуплекстi арна белдеуiнiң енiне ара қатынасы негiзге алына отырып, анықталады.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2002 жылғы 21 тамыздағы  
N 932 қаулысымен    
бекiтiлген      

Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік
спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары 

____________________________________________________________________
Р/с|    Қолдану/ |    Халық         |     Таратқыш     |  Бір арна
N  | радиожиiлiк |   (мың адам)     |     құралдың     | үшін алым
   |    өрiсi    |                  |    қуаты, (ВТ)   | ставкалары
   |             |                  |                  |   (айлық
   |             |                  |                  |  есептік
   |             |                  |                  | көрсеткіш)
____________________________________________________________________
1   Теледидар/
     метрлiк
1)                 10-ға дейiн және       100-гe дейiн        20
                    оны қоса алғанда       және оны 
                                           қоса алғанда                  
2)                 10-нан 50-ге дейiн     500-ге дейiн        41
                    және оны қоса          және оны
                    алғанда                қоса алғанда
3)                 10-нан 50-ге           500-ден             83
                    дейін және оны         астам
                    қоса алғанда
4)                 50-ден 100-ге          1000-ғa             124
                    дейiн және оны         дейiн және
                    қоса алғанда           оны қоса алғанда
5)                 50-ден 100-ге          1000-нан            249
                    дейiн және оны         астам
                    қоса алғанда
6)                 100-ден 200-гe         1000-ға             290
                    дейiн және оны         дейiн және оны
                    қоса алғанда           қоса алғанда
7)                 100-ден 200-ге         1000-нан            435
                    дейiн және оны         астам
                    қоса алғанда
8)                 200-ден 500-гe         2000-ға             828
                    дейiн және оны         дейiн және оны
                    қоса алғанда           қоса алғанда
9)                 200-ден 500-ге         2000-нан            1243
                    дейiн және оны         астам   
                    қоса алғанда
10)                500-ден астам*         5000-ға дейін       2367 
                                           және оны
                                           қоса алғанда
11)                500-ден астам*         5000-нан астам      3550 
2   Теледидар/
     дециметрлiк
1)                 10-ғa дейiн және       100-ге дейiн        13
                    оны қоса алғанда       және оны 
                                           қоса алғанда
2)                 10-нан 50-ге дейiн     500-ге дейін        26
                    және оны қоса          және оны
                    алғанда                қоса алғанда
3)                 10-нан 50-ге дейiн     500-ден             52
                    және оны қоса          астам
                    алғанда
4)                 50-ден 100-ге          1000-ғa             78
                    дейiн және оны         дейiн және оны
                    қоса алғанда           қоса алғанда
5)                 50-ден 100-ге          1000-нан            155
                    дейiн және оны         астам
                    қоса алғанда
6)                 100-ден 200-ге         1000-ға             181
                    дейiн және оны         дейiн және оны
                    қоса алғанда           қоса алғанда
7)                 100-ден 200-гe         1000-нан            272
                    дейiн және оны         астам 
                    қоса алғанда
8)                 200-ден 500-ге         2000-ға             518
                    дейiн және оны         дейiн және оны
                    қоса алғанда           қоса алғанда
9)                 200-ден 500-ге         2000-нан            777
                    дейін және оны         астам
                    қоса алғанда 
10)                500-ден астам*         5000-ға дейін       1479
                                           және оны
                                           қоса алғанда
11)                500-ден астам*         5000-нан астам      2219
3   Радио 
    хабарларын
    тарату/УҚT
    ЧМ(РМ)
1)                 10-ға дейiн және       100-ге дейін        5
                    оны қоса алғанда
2)                 10-нан 50-ге дейін     500-ге дейін        9
                    және оны қоса          және оны 
                    алғанда                қоса алғанда   
3)                 10-нан 50-ге дейiн     500-ден             18
                    және оны қоса          астам
                    алғанда
4)                 50-ден 100-ге          1000-ға дейін       27
                    дейiн және оны         және оны  
                    қоса алғанда           қоса алғанда
5)                 50-ден 100-ге          1000-нан            53
                    дейiн және оны         астам
                    қоса алғанда
6)                 100-ден 200-гe         1000-ға дейін       62
                    дейiн және оны         және оны
                    қоса алғанда           қоса алғанда 
7)                 100-ден 200-ге         1000-нан            93
                    дейiн және оны         астам алғанда
8)                 200-ден 500-ге         2000-ға             178
                    дейiн және оны         дейiн және оны
                    қоса алғанда           қоса алғанда
9)                 200-ден 500-ге         2000-нан            266
                    дейiн және оны         астам
                    қоса алғанда
10)                500-ден астам*         5000-ға дейін       488
                                           және оны қоса
                                           алғанда
11)                500-ден астам*         5000 мыңнан         732
                                           астам
4   Радио
    хабарларын
    тарату/ҚТ,
    ОТ, ҰТ
1)                 500-ден астам*         100-ге дейін        5 
                                           және оны
                                           қоса алғанда
2)                 500-ден астам*         100-ден             15
                                           1000-ға
                                           дейiн және оны
                                           қоса алғанда
3)                 500-ден астам*         1000-нан            30 
                                           10000-ғa
                                           дейiн және оны
                                           қоса алғанда
4)                 500-ден астам*         10000-нан           45
                                           100000-ғa
                                           дейiн және оны
                                           қоса алғанда
5)                 500-ден астам*         100000-нан          89   
                                           бастап        

      Ескерту:
      Алымды есептеу кезiнде таратқыш құрал орнатылатын елдi мекеннiң халқы басымдық болып табылады.
      Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың телнұсқасын бергенi үшiн алынатын алым ставкасы екi айлық есептiк көрсеткiшке тең.
      * Астана қаласын қоса алғанда

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің            
2002 жылғы 21 тамыздағы      
N 932 қаулысымен         
бекiтiлген         

Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi
құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары 

____________________________________________________________________
Р/с                                             Алым ставкалары
N                Түрлерi                        (айлақ есептiк
                                                  көрсеткiш) 
____________________________________________________________________
1                         2                                  3
____________________________________________________________________
1   Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi           
     құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн
1)  сәуле тарату қуаты 10 мВт-қа (қоса есептегенде)          0 
     дейiнгі, сымсыз телефон аппараттары
     (радиотелефондар), ұялы және транктiк байланыстың
     жылжымалы абоненттiк терминалдары
2)  жылжымалы радиобайланыстың абоненттік                    2 
     терминалдары (радиоұзартқыштар, әуесқойлық
     радиостанциялар, ғаламдық дербес жылжымалы 
     спутниктiк байланыс)
3)  осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында                 10
     көрсетiлмеген басқа да радиоэлектрондық құралдар
     мен жоғары жиiлiктi құрылғылар
2   Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi        тиісті
     құрылғылардың мемлекеттiк тiркелуiн куәландыратын   радио- 
     құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн                   элект-                                                            рондық құрал-
                                                        дар мен 
                                                     жоғары жиiлiктi
                                                      құрылғыларды
                                                      мемлекеттiк
                                                     тiркегенiүшiн
                                                   белгiленген алым                                                      ставкасының 20%       

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 21 шілдедегі 
N 932 қаулысымен     
бекітілген        

  Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс
саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi 

      Ескерту. Ережемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N  1016   қаулысымен .         

      1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бiр жолғы төлем (бұдан әрi - бiр жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.
      2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткiзу жөнiндегi комиссия анықтайды, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.
      3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бiр жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.
      4. Аукцион өткiзiлген кезде бiр жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.
      5. Бiр жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.