"Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 тамыз N 927

Қолданыстағы
      Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi) (келiсiм бойынша) және - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп келiсiмге қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда:
      1) қаулының қосымшасына сәйкес Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың шетелдiк банкке ақы төлеудi жүргiзу мiндеттемесiн;
      2) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 P020832_ қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi;
      мемлекеттiк кепiлдiк бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны негiзгi борышқа 2013 жылы капиталдандыруды;
      2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны қоса алғанда, 2013 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда тең үлеспен мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджетке қайтаруын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекет кепілдiк берген қарыздың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтаруын қамтамасыз ету ретiнде "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың бас құрылтайшысы - "Ahsell Insaat Taahhut ve Ticaret А.S." түрiк фирмасының кепiлдiгiн берудi;

     "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджет алдындағы 
мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiлдiк 
келiсiмiн ресiмдеудi;
     қарыз алушы - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қаражаты есебiнен 
Қазақстанның Даму Банкiне агенттiк сыйақы төлеуді көздесiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                            2002 жылғы 20 тамыздағы
                                                 N 927 қаулысына
                                                     қосымша
    Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген
           қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ шетелдiк банкке
                                төлемдерi
___________________________________________________________________________
    Қарыз алушы              Төлем       Төлем            Төлем
       ұйым                 валютасы      күні            сомасы
___________________________________________________________________________
                            Түркия несие желiсi
___________________________________________________________________________
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.02       1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.03       1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.03       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.04       1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.04       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.05       1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.05       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.06       1 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.06       2 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.07       1 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.07       2 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.08       1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.08       2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.09       1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.09       2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.10       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.10       2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.11       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.11       2 500 000, 00 
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.12       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.12       2 500 000, 00
        Барлығы               USD                     39 000 000, 00
___________________________________________________________________________
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Омарбекова А.Т.