"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 тамыз N 921

Қолданыстағы
      "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамының тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "ҰАТ" ЖАҚ) оған тиесілi акцияларының пакетiн 2003 жылғы сәуiрден кейiн сатып алу құқығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiне сенiмгерлiк басқаруға беру ұсынылсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "ҰАТ" ЖАҚ акцияларының пакетiн сенiмгерлiк басқаруға қабылдап алсын;
      2) "ҰАТ" ЖАҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметiне аудит жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн;
      3) "ҰАТ" ЖАҚ Директорлар кеңесiнің құрамы жөнiнде ұсыныс енгізсiн;
      4) "ҰАТ" ЖАҚ-тың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi акциялар пакетінiң 2003 жылғы сәуiрде сатып алынуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен бiрлесiп "ҰАТ" ЖАҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. "ҰАТ" ЖАҚ (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi акцияларының құнын анықтау үшiн тәуелсiз бағалаушыларды тарта отырып, активтердi бағалауды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн:
      1) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлсiн Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiмiнде:
      реттiк нөмiрi 160-1-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 265-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне 265 "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ";
      2) "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098  

P011098_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат).
1-тармақта:
     "(бұдан әрi - Министрлiктер)" деген сөздерден кейiн "және өзге де 
мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Омарбекова А.Т.