Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулердi енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 457
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 159-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"СЭҚ TH коды Тауардың атауы 2001 жылға
арналған квота
көлемі"
деген жолдағы:
"2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын;
мына жол:
"2710 00 250 басқалары 1000 тонна"
мынадай редакцияда жазылсын:
"2710 00 250 басқалары 4000 тонна";
мына жол:
"2710 00 210 уайт-спирит 100 тонна"
алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін осы қаулының 1-тармағына сәйкес өзгерістер енгізілетіндігі туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі