Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 тамыз N 873

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 P971355_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 396-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан

зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбiнде:
     12-тармақтағы "1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2002 жылдың 30 
маусымына дейiнгi кезеңде," деген сөздер алынып тасталсын және "алушы" 
деген сөз бас әрiппен жазылсын;
     13-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі