Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгінің мониторингiне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 тамыз N 872

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнің мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 3 мамырдағы N 491 P020491_ қаулысына сәйкес экономикалық қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының

стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне жататын 
жекешелендiрiлген ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Үкіметінің
                                                 2002 жылғы 5 тамыздағы
                                                    N 872 қаулысымен
                                                       бекiтiлген
     Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы
                     басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне 
               жататын жекешелендірілген ұйымдардың тізбесі
________________________________________________________________________
Р/с         Кәсiпорындардың атауы            Аймақ,        Мемлекеттік
 N                                           облыс          пакет, %
________________________________________________________________________
                          Кен-металлургия саласы
1.  "Қазақстан алюминий" ААҚ                Павлодар           31,76
2.  "Испат-Қармет" ААҚ                      Қарағанды            - 
3.  "Қазхром" ТҰК                           Ақтөбе             31,37
4.  "Қазақмыс" корпорациясы                 Қарағанды          24,66
5.  "Соколов-Сарыбай КБӨБ" ААҚ              Қостанай           39,5
6.  "Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ    Шығыс Қазақстан    15,5
7.  "Богатырь Аксесс Көмір" ЖШС             Павлодар             -
8.  "Шұбаркөл разрезі" ААҚ                  Қарағанды            -
9.  "Қазмырыш" ААҚ                          Шығыс Қазақстан    27,64
                            Мұнай-газ саласы 
  
10. "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ                 Маңғыстау            -
11. Харрикейн Құмкөл Мұнай                  Қызылорда            -
    ("Оңтүстікмұнайгаз" МАҚ)          
12. "Шымкентмұнайоргсинтез" ААҚ             Оңтүстік Қазақстан   - 
13. "Қаражанбасмұнай" ААҚ                   Маңғыстау            -
14. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ               Ақтөбе             25,12
                          Энергетика саласы
15. "AES Екібастұз" ЖШСМ (ГРЭС-1)           Павлодар             -
16. "Еуразия энергетика корпорациясы" ААҚ   Павлодар           25,18
                         Көлік-коммуникация саласы
17. "Қазақтелеком" ААҚ                      Алматы қаласы       50
                            Машина жасау саласы
18. "Алматы ауыр машина жасау зауыты" ААҚ   Алматы қаласы      31,9
______________________________________________________________________