Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Реcпубликасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 тамыз N 867

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 5546-әскери бөлiм мемлекеттiк мекемесiнiң штат саны 179 бiрлiкке ұлғайтылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомствоға қарасты

ұйымдар" деген жолда "28839" деген сан "29018" деген санмен ауыстырылсын;
     "Iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерi" деген жолда "21048" деген 
сан "21227" деген санмен ауыстырылсын;
     "оның iшiнде мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер" деген жолда
"15190" деген жол "15296" деген санмен ауыстырылсын;
     "Жиыны" деген жолда "84647" деген сан "84826" деген санмен 
ауыстырылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева А.Ж.