Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1207 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Реcпубликасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 2 тамыз N 862

Қолданыстағы

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Z010273_ Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1207 P011207_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 32, 424-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның

 

iндетiне қарсы іс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған 

бағдарламада:

     "Паспорт" деген 1-бөлімінің "Қаржыландыру көздерi мен көлемi" деген

жолының бiрiншi абзацындағы "12,291" деген сан "5,4" деген санмен

ауыстырылсын;

     "Қаржыландырудың қажетті ресурстары және көздерi" деген 6-бөлiмінің

екiншi абзацындағы "Республикалық бюджет" деген жолында "12,291" деген сан

"5,4" деген санмен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Мамандар:

            Омарбекова А.Т.

            Икебаева А.Ж.