Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 854.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      "Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк

мекемелерiнiң қызметкерлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақылар мен 
үстемеақылар" деген 13-қосымшада:
     ("Қызметкерлер кәсiптерiнiң, лауазымдарының, санаттарының атауы") 
деген 2-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 1) тармақшасындағы "Болжам" 
ғылыми-болжау" деген сөздер "Қазселденқорғау" мемлекеттiк мекемесiнiң, 
соның iшiнде "Болжам" ғылыми-өндiрiстік" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т.