Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 846

Жаңартылған
      "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Z960029_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.07. N 1096 қаулысымен. P021096
      2) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 8 маусымдағы N 777 P010777_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 262-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Жол полициясы комитетi туралы ережеде:
      11-тармақта:
      8) тармақшадағы ", оларға жол қозғалысына қатысуға рұқсат етудi, оларды пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) тармақшадағы "автомотокөлiктi" деген сөз "жеңiл, жүк таситын автомобильдер мен автобустарды, соған қоса олардың базасында жасалған арнаулы автомобильдердi, мотоциклдер мен мотороллерлердi, сондай-ақ автомобильдер құрамында жүруге арналған тiркемелердi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мыналарды әзiрлесiн және бекiтсiн:
      1) Доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, сондай-ақ доңғалақты тракторлар құрамында жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу және олардың техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесi;
      2) Тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк

машиналардың есебiн алу әрi техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесi.
     3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен 
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын 
өзге де шараларды қабылдасын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.