Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тың ядролық отынның транзитiне рұқсат беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 шілде N 842

Қолданыстағы
      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 2002 жылғы 9 ақпандағы N 860/45046040/02/08-20/1 келiсiм-шартқа сәйкес Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ядролық физика институты (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшiн "ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) қосымшаға сай номенклатурасы мен саны бойынша беретiн тың ядролық отынның Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тың ядролық

отынның транзитін бақылауды қамтамасыз етсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы 
қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                               Қазақстан Республикасы
                                                     Үкіметінің
                                              2002 жылғы 29 шілдедегі
                                                  N 842 қаулысына 
                                                      қосымша
     
      Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ядролық институты
       (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшін "ТВЭЛ" ашық
         акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) 
                          беретін тауарлар саны
     
__________________________________________________________________________
Р/с       Тауардың      СЭҚ ТН       Өлшем    Саны    АҚШ        АҚШ 
 N          атауы        коды       бірлігі         доллары.   доллары.
                                                      мен        мен
                                                     бірлік      құны
                                                     бағасы
__________________________________________________________________________ 
1.  Жылу бөлгіш       8401300000    дана       35    12840      449400
    құрама (ЖБҚ
    ИРТ-ЗМ
    0019.09.00.000)
__________________________________________________________________________ 
    Жиыны:                                     35    12840      449400
__________________________________________________________________________ 
        
     Жөнелту пункті: Новосибирск қаласы (Ресей Федерациясы).
     Баратын пункті: Ташкент қаласы (Өзбекстан Республикасы).
     Әуе көлігімен жылжу бағыты: Новосибирск - Қарағанды - Ташкент. 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т.