Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 шілде N 839.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес және Қазақстан Республикасының әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне енуiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" (бұдан әрi - кәсiпорын) республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны құрылсын. 

      2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
      1) 12 жылдық бiлiм берудiң әдiснамасы мен мазмұндық теориясы негiздерiн анықтау;
      2) 12 жылдық бiлiм беруге көшу проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      3) бiлiм беру саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.

      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттiк  кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-168-жолмен толықтырылсын:
     "470-168.    "12 жылдық бiлiм беру
                  проблемалары республикалық
                  ғылыми-практикалық орталығы"
                  республикалық мемлекеттiк
                  қазыналық кәсiпорны             Астана қаласы";
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі