1. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 P000599_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 221-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитеті туралы ережеде:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының авиациялық өкiлеттi органының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименталдық авиация қызметі саласындағы функцияларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатын iске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, үйлестiру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды" деген
сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақта: 14) тармақшадағы "азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнің мемлекеттiк тiзiлiмiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "15) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы қызметтi лицензиялау;"; мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20), 18-21), 18-22) және 18-23) тармақшалармен толықтырылсын: "18-1) азаматтық әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылығын қолдауды бақылау; 18-2) ұшу қауіпсіздігі ережесiн, авиациялық қауiпсiздiк ережесiн және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтік құжаттарды сақтауды бақылау; 18-3) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруды бақылау; 18-4) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының өкiлеттігiн жүзеге асыру; 18-5) жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және почтаны тасымалдау ережесiн бекiту; 18-6) тұрақты ұшулар кестесiн бекiту; 18-7) iшкi авиабағыттарды бекiту; 18-8) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру, сондай-ақ тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру ережелерін және беруден бас тарту үшiн негiздердi анықтау; 18-9) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келісiм бойынша уақытша басқаруды енгiзу және уақытша әкiмшiлiк құру; 18-10) азаматтық әуе кемелерiнің техникалық пайдаланылуын бақылау ережесiн бекiту; 18-11) авиабағытты пайдалану шарттарын анықтау; 18-12) авиабағыттарға арналған куәлiктер беру; 18-13) азаматтық әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылық нормаларын белгiлеу; 18-14) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалдауға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсат беру; 18-15) аса жеңiл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау тәртiбін бекiту және аса жеңiл авиацияның авиация қызметкерлерiне аттестация жүргiзу; 18-16) бас әуе тасымалдаушысын анықтау ережесiн әзiрлеу; 18-17) ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтарды есепке алуды жүргiзу; 18-18) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi өз құзыретi шегінде қарау; 18-19) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру; 18-20) авиация қызметкерлерiн қайта даярлау бағдарламаларын бекiту;
18-21) авиациялық қауіпсіздік қызметiнің басшысы мен мамандары лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
18-22) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиациясының аттестаттауға жататын авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесiн бекiту және аттестация жүргiзу;
18-23) киiм нысанының үлгілерiн (погонсыз) және айырым белгiлерiн, нысандық киiмді кию тәртiбiн, олармен қамтамасыз ету нормаларын және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесiн бекiту;";
12-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан қажеттi ақпарат, құжаттар, оның iшiнде қаржылық құжаттар сұрауға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшiн қажет түсiнiктемелер мен материалдарды талап етуге;";
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалармен толықтырылсын: "10-1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарына және пайдаланушыларға авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде орындау мерзiмiн белгiлей отырып, нұсқаулар және инспекторлық ұйғарымдар беруге; 10-2) борттық құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдiктi қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестiгін тексеруге; 10-3) авиация қызметкерлерiнiң куәлiктерiн, кеме, ұшу, әуеайлақ құжаттамасын және өзге де құжаттаманы тексеруге; 10-4) авиабағыттарды субсидиялау жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Қасымбеков Б.А. Жұманазарова А.Б.