1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мына мемлекеттiк мекемелері құрылсын:
1) "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы";
2) "Автокөлiк қызметiн көрсету мекемесi".
2. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң Ережелерiн бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Орталық органның аппараты" деген жолдағы "1757" деген сан "1459" деген санмен ауыстырылсын; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар" деген жолдағы "28541" деген сан "28839" деген санмен ауыстырылсын; "Северная" әскери және арнайы жабдықтау базасы" - "23" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы" - "139"; "Автокөлiк қызметiн көрсету мекемесi" - "159". 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Қасымбеков Б.А. Жұманазарова А.Б