Почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың тiзбесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 шілде N 798.

Қолданыстағы

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы  Z990382_  Заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 17 шiлдедегi 
N 798 қаулысымен    
бекітілген      

Почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың
тiзбесi

1. Қазақстан Республикасының аумағында почта
арқылы жiберуге тыйым салынған заттар

      1. Қол қаруы, атыс қаруы және суық қару, азаматтық, қызметтiк қару, оқ-дәрiлер, қос қолданыстағы арнайы техникалық құралдар, оларға арналған жинақталымдар.* 

      2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар. 

      3. Ядролық материалдар, радиоактивтi, күштi әсер ететiн, ойып түсетiн, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, жару, пиротехника құралдары және басқа да қауiптi заттар. 

      4. Улар, улы жануарлар, заттар, өсiмдіктер мен тұқымдар. 

      5. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы мен шетелдік валюта.** 

      6. Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдік, ұлттық, дiни, тектiк және рулық басылымдықты, қатыгездiктi уағыздауды, зорлықты және порнографияны насихаттаудан немесе үгiттеуден тұратын баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино, фото, аудио және бейне материалдар. 

      7. Тез бүлiнетiн тағам өнімдерi. 

      8. Өзiнің сипаты немесе бумасы бойынша почта қызметкерлерiнің денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн, басқа да почта жөнелтімдерi мен почта жабдықтарын былғайтын немесе бүлдiретiн заттар. 

 
2. Қазақстан Республикасынан халықаралық почта
жөнелтiмдерiндегi Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы жiберуге тыйым салынған заттар 

 
      1. Қол қаруы, атыс қаруы және суық қару, азаматтық, қызметтік қару, оқ-дәрiлер, қос қолданыстағы арнайы техникалық құралдар, оларға арналған жинақталымдар. 

      2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар. 

      3. Ядролық материалдар, радиоактивтi, күштi әсер ететiн, ойып түсетiн, жарылғыш, тез тұтанатын, жару, пиротехника құралдары және басқа да қауiптi заттар. 

      4. Улар, улы жануарлар, заттар, өсiмдiктер мен тұқымдар. 

      5. Шетелдiк валюта және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, сондай-ақ нумизматикалық мақсаттарда жiберiлетiн ақшалай белгiлердi қоспағанда, күшi жойылған бағалы қағаздар (экспорттық почта жөнелтiмдерiнде). 

      6. Маралдардың, киiктердің, теңбiл бұғылардың мүйiздерi, тұяқтары және панталары, сондай-ақ теңбiл бұғының терiсi (экспорттық почта жөнелтiмдерiнде), Қызыл кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдіктердiң дериваттары. 

      7. Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк және рулық басылымдықты, қатыгездiктi уағыздауды, зорлықты және порнографияны насихаттаудан немесе үгiттеуден тұратын баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино, фото, аудио және бейне материалдар. 

      8. Аралардан, сүлiктер мен жiбек құрттарынан басқа, тiрi жануарлар. 

      9. Өзiнiң сипаты бойынша почта қызметкерлерiнiң денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретін, басқа да почта жөнелтiмдерi мен почта жабдықтарын былғайтын немесе бүлдiретiн заттар.

     10. Тез бүлiнетiн тағам өнiмдерi.

     11. Монеталар, банк билеттерi, кредиттiк билеттер немесе көрсетушiге берілетiн қандай да болмасын құндылықтар, жол чектерi, бағалы металдар мен тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар (хаттарда және бағасы жарияланбаған сәлемдемелерде).

     12. Жеткiзiлетiн елге әкелу немесе ол елде айналымы тыйым салынған заттар.

      Ескерту
      1. * Азаматтық және қызметтiк қаруларды сатуға лицензиясы бар дүкендер дайындаушы зауыттардың немесе азаматтық, қызметтiк қаруларды жөндеу құқығына лицензиясы бар басқа да заңды немесе жеке тұлғалардың мекен-жайына, сондай-ақ аталған дайындаушы зауыттардың немесе басқа да заңды немесе жеке тұлғалардың - тиiстi дүкендердiң мекен-жайына жiберетiн азаматтық және қызметтiк қарулардың жарамсыз бөлiктерiн айрықша тәртiппен қабылдауға және жiберуге жатады. 
      Көрсетiлген почта жөнелтiмдерiнiң қабылдануы және тапсырылуы тиiстi лицензияларды көрсеткен кезде жүзеге асырылады. 
      2. ** Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға және жiберуге құқығы бар заңды тұлғалар жiберетiн құндылығы жарияланған хаттар мен сәлемдемелердегi банкноттар, монеталар мен құндылықтар қабылдауға және жiберуге жатады. 
      Барлық басқа да жөнелтушiлерге құндылығы жарияланған хаттардағы күмәндi ақшалай белгiлердi банк заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалының мекен-жайына жiберуге рұқсат етiледi. Сондай-ақ нумизматикалық монеталар мен коллекцияларды сәлемдемелерде жiберуге рұқсат етiледi. 

      Мамандар: 
      Қасымбеков Б.А. 
      Жұманазарова А.Б.