Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргiзiлмейтiн, әуе көлiгiмен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тiзбесi туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде N 788

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ заң күшi бар Жарлығының 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының оларға қатысты

тексеру жүргiзiлмейтiн, әуе көлiгiмен тасымалданатын лауазымды 
тұлғаларының арнайы тiзбесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                                Қазақстан Республикасы
                                                     Yкiметiнің
                                               2002 жылғы 16 шілдедегі
                                                  N 788 қаулысымен
                                                     бекітілген
           Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру                
         жүргiзiлмейтiн, әуе көлiгiмен тасымалданатын лауазымды            
                        тұлғаларының арнайы тiзбесi
     1. Қазақстан Республикасының Президентi
     2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
     3. Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының төрағасы
     4. Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы
     5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер 
министрi 
     6. Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң басшысы
     7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы
     8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы
     9. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
     10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы
     11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
     12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
     13. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқарушысы
     14. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығы 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б.