Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қаңтардағы N 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 желтоқсан N 77a

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қаңтардағы N 77 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 40361 мың теңге" (қырық миллион үш жүз алпыс бір мың теңге)";
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанындағы "55" деген сан "54" деген санмен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан туралы әдістемелік жинақтар мен жарнамалық-ақпараттық фотоальбом әзірлеу және шығару".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі