Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнiсi ғылым саласында санаткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру және мемлекеттiк монополияға жатқызылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру (өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында қызмет көрсету) болып белгiленсiн. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.29. N 886
қаулысымен
.
3. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитет белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорын Жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң таратылып отырған "Қазақстан патенттік сараптама институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкiн Кәсiпорынға берсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 520-1-жолмен толықтырылсын:
"520-1 "Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк
меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң
Ұлттық санаткерлiк меншiк институты"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы".
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі