Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мына құрамда комиссия құрылсын:
Балиева - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхияқызы Әділет министрі, комиссия
төрайымы
Ахметов - Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Мизами Мұстахымұлы университеті заң факультетінің
доценті
Дәукеев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Серікбек Жүсіпбекұлы ғылым академиясының президенті
Жалыбин - Қазақстан Республикасы
Сергей Михайлович Парламентінің Мәжілісі Заңнама
және сот-құқықтық реформа
жөніндегі комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Жақыпбаев - Қазақстан Республикасы
Қайрат Төлегенұлы Парламентінің Мәжілісі Заңнама
бөлімінің меңгерушісі
(келісім бойынша)
Жұмабаев - Қазақстан Республикасы
Ермек Жианшаұлы Парламентінің Сенаты Заңнама және
құқықтық реформа жөніндегі
комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Котов - Қазақстан Республикасы
Анатолий Константинович Конституциялық Кеңесінің
мүшесі (келісім бойынша)
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрі
Сапарғалиев - Қазақ академиялық университетінің
Ғайрат Сапарғалиұлы кафедра меңгерушісі
(келісім бойынша)
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Ілияс Жақыпбекұлы прокурорының бірінші орынбасары
(келісім бойынша)
Вагапов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Данияр Валерьевич министрлігі Заң қызметі
департаментінің директоры
Егімбаева - Қазақстан Республикасы Премьер-
Жанна Дачеровна Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің
меңгерушісі
Жүсіпов - Қазақстан Республикасы
Бейбіт Ғазизұлы Парламентінің Сенаты Аппарат
басшысының орынбасары
(келісім бойынша)
Лукин - Қазақстан Республикасының
Андрей Иванович Индустрия және сауда
вице-министрі
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.10.07. N
1035
, 2005.06.28. N
644
қаулыларымен
.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етсін.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
4. Комиссияға өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының мамандарын белгіленген тәртіппен тартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға рұқсат етілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі