Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 5 шілде N 723

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мына республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары таратылсын:
      "Қару (Арсенал)-1";
      "Қару (Арсенал)-2".

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мына мемлекеттiк мекемелерi құрылсын:
      "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы";
      "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы".

      3. Құрылатын мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) құрылатын мемлекеттiк мекемелер жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 461-1, 461-2-жолдар алынып тасталсын;
     2) <*>
     Ескерту. 2-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі