Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Отандық тауар өндiрушілердi қолдау жөнiндегi шараларды iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 13 қарашадағы N 1162 P981162_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 379-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Отандық тауар өндiрушілердi қолдау жөнiндегi шараларды iске асыру
үшiн бөлiнген 22 716 100 (жиырма екi миллион жетi жүз он алты мың бiр жүз)
АҚШ долларына баламалы сомадағы қаражат уәкiлеттi банктер қайтарғаннан
кейiн Қордың жарғылық капиталын арттыруға бағытталсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.