Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.
Қазақстанның экспорттық әлеуетiн тиiмдi пайдалану және тауарлардың
әлемдiк рыноктарына оның қатысуын кеңейту мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Тауарлар экспортын жанама реттеу шаралары
жөнiндегi тұжырымдама мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 2 шілдедегі
N 714 қаулысымен
мақұлданған
Тауарлар экспортын жанама реттеу шаралары
жөнiндегi тұжырымдама
Кiрiспе
Тауарлар экспортын жанама реттеу шаралары жөнiндегi тұжырымдама (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындау үшiн әзiрлендi.
Экспорт елдiң экономикалық өсуiнде елеулi рөл атқаратындықтан, экспортты реттеу мәселелерi оның экономикалық дамуының қазiргi кезеңiнде маңызды және көкейкестi болып табылады. 2000 жылы экспорттың жалпы iшкi өнiмге қатынасы 53% құрағандығы фактiсi (Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң алдын ала бағалауы бойынша 2001 жылы бұл көрсеткiш 41% құрайды) осыны айғақтайды.
Бұл ретте мұнай және газ конденсаты, қара және түстi металдар, ауыл шаруашылығы шикізаты жетекшi экспорттық тауарлар болып қала бередi. Тұтасымен алғанда, шикiзатқа және оларды бастапқы қайта өңдеуден алынған өнiмдерге экспорттың бүкiл көлемiнiң 80%-дан астамы келедi. Мұндай жағдай өңдеушi өнеркәсіптің отандық өнiмiнiң бәсекелестiк қабiлетiнiң төмендiгiмен ғана емес, сонымен бiрге экспортты ынталандыру саясаты тиiмділiгiнiң жеткiлiксiздiгiмен де түсiндiріледi.
Республиканың қолданылып жүрген сауда режимiнде экспорт тарифтiк (экспорттық баждар) және тарифтiк емес (лицензиялау сандық шектеулер, тыйым салулар және басқалары) шаралармен реттеледi. Экспортты жанама немесе тарифтiк емес реттеу кедендiк-тарифтiк реттеудiң шегiнен тыс шығатын экономикалық және әкiмшілiк шаралардың жиынтығын бiлдiредi. Бұл шаралар шектеушi сипатқа да сол сияқты ынталандырушы сипатқа да ие болуы мүмкiн.
Қазiргi уақытта Қазақстан қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға жылжытуға және кемсiтушілік кедергілерiн жоюға бағытталған белсендi экспорттық саясат жүргiзiп отырғандығына қарамастан, экспортты реттеудiң тарифтiк емес немесе жанама шаралары, атап айтқанда, ынталандырушы сипаттағы шаралар, толық көлемде пайдаланылмауда.
Осындай жағдайда экспортты мемлекеттiк ынталандыру шараларының тұтас жүйесiн қалыптастыру қажеттiгi пiсiп-жетiлдi. Экономикадағы құрылымдық өзгерiстердiң табысты әлемдiк тәжiрибесi құрылымдық қайта құрудың негiзгi аспектiсi отандық экспорттаушылар үшiн тиiмдi құқықтық тетiктер, сондай-ақ тиiстi қаржылық және ақпараттық инфрақұрылымдар, тұтас алғанда сыртқы экономикалық қызметтi жандандыру үшiн оңтайлы жағдайлар жасауды көздейтiн, экспортқа бағдарланған экономикалық өсудi мемлекеттiк қолдау болып табылады.
Тұжырымдама орташа мерзiмдi перспективаға есептелген және 2006 жылға дейiнгi кезеңдi қамтиды.
Экспортты реттеудiң жанама шараларын қолданудың
қазiргі жай-күйі
Республиканың сыртқы саудасын реттеудiң тарифтiк емес реттеу шаралары акцизделетiн тауарлардың айналымын реттеудi, тауарларды сертификаттауды, iшкi рынокты тауарлар импортынан қорғауды, экспорттық лицензиялар берудi, сондай-ақ жекелеген тауарлардың экспортына тыйым салуды немесе шектеудi, қазақстандық өнiмдердi әлемдiк рыноктарға жылжытуды қамтиды.
Өткiзу рыноктарын кеңейту жөнiндегi қызмет шеңберiнде АҚШ-та демпингке қарсы анықтаудың күшi жойылды және қазақстандық титан губкасының импортына, уран өнiмi мен ферросилицийге қатысты салынған демпингке қарсы баждар алынып тасталды. 2000 жылғы наурызда Еуроодақ елдерi Қазақстан Республикасынан феррохром импортына демпингке қарсы тергеудi тоқтатты.
Еуроодақ елдерiнiң ферросилиций жеткiзулерiне енгiзiлген демпингке қарсы баждарды алып тастау, қазақстандық болатты еуропалық рынокқа шығаруға экспорттық квотаны ұлғайту жөнiндегi жұмыстар жалғастырылуда.
2000 жылы Еуроодақ Қазақстанға демпингке қарсы анықтауға қатысты нарықтық экономикасы бар елдiң мәртебесiн бердi. АҚШ-тың демпингке қарсы заңына сәйкес 2002 жылғы наурызда АҚШ-тың Сауда министрлiгi Қазақстанның нарық экономикасы бар ел емес мәртебесiн алып тастады.
Сыртқы экономикалық қызметтi реттеу саласындағы басқа бағыт экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға мемлекеттiк бақылауды күшейту болып отыр. "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңы халықаралық iскерлiк операцияларында мемлекеттiк кiрiстiң ысырабын болдырмау үшiн трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау шараларын белгiлейдi. Осы Заңды iске асыру тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тiзбесiнде белгiленген тауарлар жөнiндегi мәмілелердiң мониторингiн жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Тауарлар экспортын және валюта түсiмiн бақылаудың пәрмендiлiгi мақсатында экспорт көлемiн есепке алу, отандық өндiрушілердiң экспорттық бағаларының әлемдiк рыноктардағы бағалардан ауытқуы жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде, экспорттаушы кәсiпорындардың қаржы-экономикалық қызметiнiң барынша мүмкін ашықтығын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасалуда.
Республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң мүдделерiн және басқа да өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн негiзге ала отырып, атап айтқанда, iшкі рыноктың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету мақсатында экспортты шектеу жөнiндегi шаралар қолданылады. Бұл лицензиялауды, квоталауды немесе тыйым салуларды, экспортты ерiктi түрде шектеудi енгiзу жолымен экспортталатын тауардың санын шектеуге арналған шаралар. Мәселен, жылыту маусымында және ауыл шаруашылығы жұмыстары кезеңiнде мазутпен және дизель отынымен қамтамасыз етудiң дағдарысты жағдайына байланысты 1999-2001 жылдардың iшiнде бiрнеше рет Қазақстан Республикасының аумағынан мазут пен дизель отынының экспортына уақытша тыйым салу енгiзiлдi.
Мемлекет экспорттық жүктердi тасымалдау үшiн көлiк дәлiздерiн салуды және олардың қуаттылықтарын арттыруды қамтамасыз ету жөнiнде жұмыс жүргiзуде.
Экспорттық бақылауды күшейту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Халықаралық мiндеттемелердi сақтау мақсатында тиiстi заңнама қабылданды, екi ұдай мақсаттағы тауарлар мен технологиялардың тiзбесi кеңейтілдi.
2001 жылы оған экспорттық операцияларды несиелендiру функциялары жүктелген Қазақстанның Даму банкi құрылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен бiрлесiп, оның мақсаты - тауарлар экспортынан түсетiн түсiмнiң шетелдiк валютамен және теңгемен толық әрi уақытылы түсуiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауарлар импорты мақсатына қаражатты шетелдiк валютамен және теңгемен пайдаланудың заңдылығы мен негiзділiгiн қамтамасыз ету болып табылатын экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыруда.
Барлық осы шаралар мен жұмыстар, дәстүрлі қазақстандық экспорттық тауарларды неғұрлым жылжытуға бағытталған. Экспортты елдiң экономикасын дамытудың негiзгi факторларының бiрi ретiнде ұлғайту, қалыптасқан жағдайда өңдеушi өнеркәсiпке зиян келтiрiп, ұлттық экономиканың құрылымында шикiзат кешенiнің одан әрi дамуына және күшеюiне әкеледi. Осыған байланысты қазақстандық экспорттың номенклатурасын кеңейту және өңделу дәрежесi жоғары өнiмнiң есебiнен оның құндық көлемiн ұлғайту жөнiнде тиiмдi шаралар қажет.
Экспортты жанама реттеудiң шараларын қолданудың
негiзгі бағыттары
Мемлекеттiк реттеудiң нысандары мен әдiстерiн (көбiнесе, жанама нысандары арқылы) таңдау елдiң экономикасының қазiргi жағдайдағы экспортқа бағдарлануын дамытуға мемлекеттiң ықпал ету мүмкiндiгiн айқындайды. Сонымен бiр мезгiлде, осы шараларды қолданудың негiзгi бағыттарын белгiлеу үшiн қазақстандық экспортты тежеуге ықпал ететiн факторларды анықтау қажет. Оларға:
отандық өнеркәсiп, ең алдымен өңдеушi өнеркәсiп өнiмiнiң бәсекелесу қабiлетiнiң төмендiгi;
өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарының көпшiлiгiнде перспективалы экспортқа бағдарланған жобалар мен зерттеулердi инвестициялау үшiн iшкi ресурстардың болмауы;
тұтынушылық және экологиялық сипаттамаларға, сондай-ақ өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң рыноктарында сатылатын өнiмдердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптардың едәуiр күшеюi жағдайында экспорттық өнiмнiң сапасын сертификаттаудың және бақылаудың отандық жүйелерiнiң жеткiлiксiз дамуы;
қазақстандық экспортты қамтамасыз ететiн көлiк инфрақұрылымының жетiлмегендiгi;
отандық кәсiпорындар менеджерлерiнiң көпшiлiгiнде экспорт саласындағы арнайы бiлiм мен жұмыс iстеу тәжiрибесiнiң жеткiлiксiздiгi, олардың сыртқы рыноктардағы iс-әрекеттерiнiң үйлестiрiлмеуi;
кеңестiк дәуiрден кейiнгi кеңiстiкте дәстүрлi өндiрiстiк байланыстардың үзiлуi;
шет елде қазақстандық экспортшыларды кемсiтушілік элементтерiнiң сақталуы жатады.
Осыған байланысты, Тұжырымдаманың басты мiндетi - оның тиiмділігiн арттыру мақсатында жанама реттеу шараларын қолданудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу болып табылады. Экспорттық операцияларды несиелендiру мен сақтандыруды кеңейту, әлемдiк саудадағы өзгермелi жағдайларға сәйкес жаңа рыноктарға жылжуда ақпараттық қолдау мен жәрдемдесудiң мемлекеттiк саясаты арқылы басты мiндетті шешу көзделедi.
Өнеркәсiп саясатын, агроөнеркәсiп кешенiн, көлiкті және ел экономикасының басқа да секторларын дамыту стратегиясын жүзеге асырудың нәтижесiнде экспорттың құрылымын әртараптандыру қосылған құнының дәрежесi жоғары өнiмнiң үлесiн ұлғайтуға, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортының номенклатурасын кеңейтуге әкелуi тиiс.
Бұл ретте, экспорттың тұрақты өсуiне жәрдемдесу мына бағыттардағы шараларды әзiрлеу мен iске асырудың есебiнен жүзеге асырылатын болады:
қазақстандық тауарлар мен көрсетілетiн қызметтердiң қазiргi рыноктарға тұрақты қатысуына және жаңа рыноктарды ашуына қол жеткiзу;
дәстүрлi қазақстандық экспорттық тауарларды жеткiзудi ұлғайту;
дәстүрлi емес, жаңа тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту.
Экспорттың өткiзу рыноктарын кеңейтуге саяси және экономикалық шаралармен, дипломатиялық рәсiмдермен және сыртқы рыноктарда қолдаудың нысандарымен қол жеткiзiлетiн болады:
сауда жөнiндегi екі жақты және көп жақты келiсiмдер жасасу;
қазақстандық тауарлардың жолындағы орын алып отырған кемсiтушілiк кедергілерiн алып тастау;
сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарларға сөзсiз негiзде неғұрлым қолайлы жағдай режимiн ұсынуға қол жеткiзу;
қазақстандық экспорттық тауарларды Дамыған елдер преференцияларының бас жүйесiне енгiзу ол преференциялар мен техникалық көмек беру тетiгiн дәстүрлi емес тауарларды жылжыту және шет елдердiң рыноктарына Қазақстанның қатысуын орнықтыру үшiн пайдалануға мүмкiндiк бередi;
экспортты дамыту үшiн перспективалы елдерде Қазақстан елшiлiктерiнiң қызметiн жандандыру;
экспорт бойынша шығындарды азайту мақсатында өнiмдердi тасымалдау кезiнде икемдi тарифтiк саясат жүргiзу.
Тұтас алғанда, саудадағы әрiптес елдердi таңдауда икемдi саясат қажет: өткiзу рыноктарын әртараптандыру Еуропа мен Азия елдерiнiң жақын рыноктарын толығырақ пайдалану, үшiншi елдер арқылы транзитті барынша азайта отырып, аймақтық одақтармен өзара iс-қимылды күшейту.
Елдiң экспорттық әлеуетiн дамыту үшiн халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың түрлi нысандарын оңтайлы пайдалану ұлттық экспорттық стратегияның маңызды элементi болып табылады.
Әлемдiк практикада экономикалық ынтымақтастықтың түрлi нысандары пайдаланылады. Соңғы жылдары шетелдiк инвестицияларды тарту және бiрлескен кәсiпорындар, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар құру, өтемдiк негiздегi ынтымақтастық, несиелiк келiсiмдер, алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу, лицензиялық сауда, халықаралық лизинг, инжиниринг, жағалаудағы және шекара маңындағы сауда еркiн экономикалық аймақтар құру, екеуден көп елдердiң қатысуымен өтемдiк тасымалдаулар және тағы басқалары сияқты нысандар кеңiнен қолданылуда.
Осыған байланысты, қазiргi уақытта шетелдiк әрiптестер инвестициялардың ресурстық базаны дамытуға және отын-энергетикалық кешеннiң қуаттарын жаңғыртуға жұмсалуын жүзеге асыруға көбiрек мүдделi болғандықтан, бiрлескен кәсiпорындардың, әсiресе өңдеушi өнеркәсiп саласындағы тiкелей өндiрiстiк қызмет саласына неғұрлым кеңiнен қатысуы үшiн жағдай жасау маңызды мiндет болып табылады.
Сондай-ақ, экспорттық қызметте географиялық басымдықтарды байыпты анықтау, сондай-ақ Қазақстан мен шет елдердiң өзара мүдделерiнiң теңгерiмiн қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.
Дәстүрлi қазақстандық экспорттық тауарларды жеткiзудiң ұлғаюы оларды жеткiзу географиясын кеңейту, қазақстандық экспорттаушылар тарапынан демпингтi, сондай-ақ сауда әрiптестерi - елдердiң тарапынан кемсiтушілік шараларын болдырмау арқылы жүзеге асырылады. Алайда, мемлекеттiк мониторинг пен шикiзаттық экспортты қолдау қажеттiгi қалады. Бұл үшiн:
шет елге шығарылатын шикiзаттық тауарлар мен шала өнiмдердi қайта өңдеу тереңдiгiн ұлғайту және сапасын жақсарту;
оларды сыртқы рыноктарға тиiмдi жылжыту үшiн мұнайдың, металдардың сапасын халықаралық сертификаттауды жүргiзу;
тауарлар экспорты мен валюта түсiмiн бақылаудың пәрмендiлiгiн арттыру үшiн әлемдiк практикаға сәйкес экспорттың көлемi мен бағаларын есепке алуды жақсарту;
экспорттаушы кәсiпорындардың қаржы-экономикалық, қызметiнiң барынша ықтимал ашықтығын қамтамасыз ету;
кен өндiру салаларында қазақстандық құрамдас бөлiктiң қатысуының басымдығын көздеу;
әлемдiк бағалардың өзгерулерiне жедел ден қою үшiн сауда-саяси ахуалын және әлемдiк рыноктың конъюнктурасын дамытудағы үрдістерді зерделеу және талдау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Дәстүрлi емес, жаңа тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту үшiн:
өңдеушi өнеркәсiпте жаңа жұмыс орындарын құруға қабiлеттi өсу нүктелерi болатын қара, түстi, асыл және жерде сирек кездесетiн металдарды, мұнай мен газды өңдеу салаларындағы үшiнші, төртiншi және бесiншi қайта бөлiстердi дамытуды инвестициялау;
агроөнеркәсiптiк өндiрiстiң салаларында бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiрудi дамыту;
тауарлардың экспортқа бағдарланған жаңа түрлерiн өндiрудi дамыту;
қосылған құны жоғары өнiмдер экспортын несиелендiру мен сақтандырудың тетiктерiн қалыптастыру (соның iшiнде экспорттық-импорттық сақтандыру құрылымдарын құру);
сыртқы рыноктарға жылжыту үшiн әлемдiк стандарттарға сәйкес дайын өнiмнiң негiзгi түрлерiн сертификаттауды және стандарттауды қамтамасыз ету. Азық-түлiктiң экологиялық қауiпсiздiгiн білдiретiн эко-жапсырмалар түрiндегi таңбалауды ерiктi түрде пайдалану;
бiрiншi кезекте өңдеушi өнеркәсiптi дамытудың басым бағыттары бойынша франчайзингтiк қызметтi жүзеге асыратын кәсіпорындар құру;
ақпараттық қолдау жүйесiн қалыптастыру (ақпаратты клиент үшiн қолайлы нысанда тиiмдi және жедел берудi қамтамасыз ететiн ақпараттық-консультациялық қызметтердiң желiлерi);
маркетингтiң деңгейiн көтеру, жарнамалық қызметтi жетілдiру (көрмелiк-жәрмеңкелiк iс-шаралар, сыртқы рыноктардағы жағдаймен танысу және iскерлiк байланыстар орнату үшiн сауда делегацияларының сапарлары, оларды халықаралық кездесулердiң, келiссөздердiң және өзге де iс-шаралардың барысында көрсету жолымен неғұрлым басымдықты экспорттық жобаларды дипломатиялық қолдауды қамтамасыз ету). Қазақстандық өнiмдердi экспортқа жылжытудың перспективалы нысаны әртүрлi көрмелiк iс-шараларды, соның iшiнде келiсiм-шарттар жәрмеңкелерiн, халықаралық байланыс күндерiн, идеялар мен технологиялар көрмелерiн өткізу болып табылады;
қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы рыноктарға шығуы және тұтас алғанда, олардың қызметiн үйлестiру кезiнде келiсiлген iс-қимыл жасау үшiн экспорттаушылар қауымдастықтарын құру;
экспорттық өндiрiстiң негiзiнде мүлде жаңа технологиялар құру және қолдау жолымен ғылымды көп қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiмдердi игеру. Бұл үшiн жоғары технологиялы салаларға қолданылатын ынталандырулар жүйесiн жасау, сондай-ақ:
- жыл сайынғы сатулардың жалпы көлемiнен зерттеулерге және дамуға жұмсалатын шығыстар;
- ғылыми және техникалық қызметкерлердiң жұмыс күшiнiң жалпы санына пайыздық құрамы;
- отандық ғылыми-зерттеу институттарын тарту арқылы жоғары технологиялы өндiрiстердi, материалдар мен өндiрiстердiң жаңа түрлерiн әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға таза кiрiстерден мiндеттi түрде жыл сайын қаражат бөлу бойынша белгiлi бiр сандық шарттарды қанағаттандыруға тиiс болатын кәсiпорындарды iрiктеудiң өлшемдерiн анықтау қажет. Өнеркәсiптiң құрылымын реформалау және экспортты әртараптандыру мақсатында олардың базасында ғылыми әзiрленiмдердi iске асыру жөнiндегi еншiлес кәсiпорындар мен өндiрiстер құруды ұсыну.
Дайын бұйымдар экспортын кеңейту тауарлардың бәсекеге қабiлеттi екенi көрсетiлуiн қамтамасыз етудi талап етедi, ол орауыш материалдар шығару жөнiндегi өнеркәсiптiң отандық салдарын дамыту проблемаларымен тiкелей байланысты. Орауыш материалдардың қымбат тұратын импортына жол бермеу үшiн неғұрлым бәсекеге қабiлеттi ретiнде, әсiресе тамақ саласында оларды дайындау, атап айтқанда, тамақ азық-түлiктерiнiң асептикалық және вакуумдық орауыштарын дайындау жөнiндегi қазiргi заманғы технологияларды енгiзу қажет;
сауданың жаңа түрлерiн, соның iшiнде электрондық сауданы дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде бiрқатар мiндеттердi шешу қажет.
Сауда операцияларын көптеген елдердiң мемлекеттiк экономикалық инфрақұрылымында берiк позицияға ие, электрондық коммуникациялық желiлер арқылы жүзеге асыру электрондық сауданы дамыту үшiн құқықтық жағдайлар жасауды, электрондық сауданы басқарудың халықаралық, танымал жүйелерiн енгiзудi және электрондық сауданы дамыту жөнiндегi халықаралық жобаларға қатысуды көздейдi.
Тұтас алғанда жаңа экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қолдау шаралары қаржы лизингiнiң тетiктерiн пайдаланумен, өндiрiстiк ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз етумен, шикiзаттың отандық экспорттаушыларының кiрiстерiн Қазақстанның аумағындағы қосылған құны жоғары тауарлардың өндiрiсiне инвестициялауға қайта бағдарлау үшiн қолайлы инвестициялық ахуал және жағдайлар жасаумен байланысты. Елде экономикалық ахуалдың жақсаруына және отандық экспорттаушылардың нығаюына қарай олардың шетелдiк инфрақұрылымын (өткiзу ұйымдары, дилерлiк желiлер, сервистiк орталықтар) құруға жәрдемдесетiн шаралар қабылдануы мүмкін.
Өнiмнiң сапа, қауiпсiздiк немесе мөлшерлерi сияқты сипаттамаларымен байланысты реттеудiң техникалық шаралары қазақстандық тауарлардың экспортын дамыту үшiн ерекше маңызға ие болуда. Олар өзiне, сондай-ақ тауарды орау және таңбалау, сертификаттау жүйесi бойынша және т.с.с. талаптарды қамтиды. Ол үшін:
қазақстандық кәсiпорындарда сапа жүйелерiн әзiрлеу және енгiзу;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде мүдделi, құзыреттi ұйымдарды тарту арқылы жаңа стандарттар әзiрлеу және экспорттық тауарлардың негiзгi түрлерiне қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес қолданылып жүрген стандарттарды үйлестiру;
елдер арасындағы тауар айналымының көлемiн одан әрi ұлғайту және мемлекеттер кәсiпкерлерiнiң арасында ынтымақтастықтың тiкелей өзара тиiмдi байланыстары мен нысандарын орнату үшiн алғышарттар жасау мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы үкiметаралық және ведомствоаралық келiсiмдер жасасуды қамтамасыз ету;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ұлттық органдарымен кооперация, iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзуге қатысу негiзiнде стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай кеңiстiк құру жөнiндегi ынтымақтастықты жандандыру қажет.
Қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту үшiн мемлекеттiк емес (коммерциялық) қызметтер: коммерциялық конъюнктуралық ақпарат орталықтарын, маркетингтiк және консальтингтiк ұйымдар және т.с.с. құруға жәрдемдесу орынды.
Қазiргi уақытта, Қазақстанға қолайлы сауда режимiн қалыптастырумен қатар технологиялық инновацияны арттыруды және өнiмділiктi арттыру мен жоғары қосылған құнды қамтамасыз ететiн өнеркәсiп құрылымын құруды талап ететiн тауарлар экспортының халықаралық бәсекелестiк қабілетiн нығайту қажет. Осыған байланысты, мемлекет тарапынан осы салалардың кәсiпорындарына технологиялық сияқты, сондай-ақ басқарушылық проблемаларды
да шешуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр жағдайлар мен инвестициялық ахуал
жасау талап етiледi. Экономиканың нақты секторы үшiн қолайлы
инвестициялық, ахуал жасау мақсатында шетелдiк күрделi қаржы жұмсалымдары
мен шикiзат салаларынан түсетін экспорттық валюталық кірістерді неғұрлым
тиімді және атаулы пайдалану мәселелерін шешу қажет.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.