1. Қоса берiлiп отырған Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары Бағдарламада белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) тоқсан сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан
Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 шілдедегі N 713 қаулысымен бекітілген Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту Бағдарламасы Астана қаласы, 2002 жыл 1. Паспорт Атауы Қазақстан Республикасында микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қысқаша мазмұны Бағдарламада Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құру және осы жүйенi Қазақстан Республикасының барлық аумағында кезең-кезеңiмен ендiру көзделген. Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құрудың мақсаттары: - халықтың қолындағы қолма-қол ақша массасын қолма-қол жасалмайтын ақша айналымына тарту; - қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан, халыққа, сауда-сервис кәсiпорындарына қызмет көрсету бойынша бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құру; - мемлекеттiк басқаруда болашағы бар ақпараттық технологияны жаппай пайдалануға негiзделген жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыру; - ақша айналымына мемлекеттiк бақылауды күшейту; - бөлшек төлем жүйелерiне жаңа озық ақпараттық технологияларды ендiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Iске асыру мерзiмi 2002-2003 жылдар 2. Кiрiспе
Төлем карточкаларының дүние жүзiнде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңiнен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының рыногы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады. Магниттi жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз кезегiнде қорғалу деңгейi, жады көлемi мен атқаратын қызметi бойынша магниттi жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулi артықшылықтары бар, бiрақ олардың дамыған елдердегi төлем жүйелерiнде жаппай пайдаланылуын жүйедегi магниттi жолағы бар карточкаларды пайдалануға негiзделген iрi инвестициялар тоқтатып отыр. Төлем карточкаларын аз уақыттан берi қолданатын елдердiң қатарына жататын Қазақстан Республикасының да осы саладағы жаңа ақпараттық технологияға көшу жолында серпiлiс жасауына мүмкiндiгi бар.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезең iшiнде Ұлттық Банктiң тапсырысы бойынша IBM фирмасы (АҚШ) және банкаралық жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның ұлттық жүйесiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесiнiң дизайнын әзiрледi, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттiк/кредиттiк карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесi iс жүзiнде кәдiмгi банкноттар мен металл ақшаларға толық ұқсас болуға арналған едi. Осы жобаны iске асыру үшiн - интегралды микросхемасы - электрондық әмияны (тауарларды және қызмет көрсетудi сатушылармен есеп айырысу үшiн пайдаланылатын және баланстарда (әмияндарда) әлi пайдаланылмаған ақша сомасы туралы деректер және басқа қажеттi деректемелер сақталатын микропроцессорлық карточка) бар төлем карточкаларын қолдану болуы керек едi.
Жобада қолма-қол электрондық ақшаны, сондай-ақ дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу бойынша шағын бөлшек төлемдердi жүзеге асыру көзделдi. Электрондық қолма-қол ақшаны инфляциядан қорғауға мүмкiндiк туғызу үшiн шетел валютасын электрондық әмиянда сақтауға қосымша ұсыныс берiлдi.
Ұлттық Банктiң банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы сияқты электрондық ақшаны екiншi деңгейдегi банктерге сату арқылы оны айналымға шығару көзделдi. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екi бөлiкке бөлiнер едi: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар.
Жоба негiзiнен сол кезеңдегi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң даму деңгейiне сәйкес қажет болмады. Қазiргi кезде осы жобаны кезең-кезеңiмен iске асыру үшiн барлық алғышарттар бар. Бiрiншiден, екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараттық инфрақұрылымы осы кезең iшiнде белгiлi бiр дамуға қол жеткiздi. Екiншiден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерiнiң арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететiн төлем жүйесi қалыптасты.
Электрондық қолма-қол ақшаны енгiзу жолындағы алғашқы қадам электрондық әмияндар тұжырымдамасы негiзiнде микропроцессорлық дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құру болып табылады. Электрондық әмияндар тұжырымдамасын "таза" күйiнде iске асыру көзделмейдi, яғни есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейiн клиенттердiң микропроцессорлық карточкаларына енгiзiлген ақша банк жүйесiнде жинақталуға мүмкiндiк бере отырып, iс жүзiнде клиенттердiң банктегi жеке есепшоттарында қалады. Халық тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының кез келген жерiнде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан есеп айырысуға мүмкiндiк алады. Электрондық қолма-қол ақша ендiрудiң жолында бүгiнгi күн талабына жауап беретiн осы қадамның өзiн iске асыру осы Бағдарламада ұсынылады.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауда iс жүзiнде қолма-қол ақша айналымының 100%-нен тұрады. Халықтың көпшiлiгiне банктерде қызмет көрсетiлмейдi және ақыны қолма-қол алады. Банктiк есепшоттары бар клиенттер қолма-қол ақшаны алып, өзiнiң барлық шығыстарын қолма-қол ақшамен төлеудi қалайды.
Салық органдарының iс жүзiнде қолма-қол ақша айналымы басым рыноктарда салық төлеушiлердiң кiрiстерiн тексеруге және бақылауға мүмкiндiктерi жоқ. Қолма-қол ақшаның негiзгi бөлiгi ұсақ-түйек сатып алуға жұмсалады. Бөлшек сауда рыногындағы ұсақ төлемдер бойынша өндiрiстiң әр түрлi салалары және импорттық өнiм берушiлер есепке алынбаған тауарлардың едәуiр көлемiн тарата алады және мемлекет бұл орайда салық жинау проблемаларына кезiгедi. Халықтың көпшiлiгi қазiргi уақытта тиiстi тiркеусiз жұмыс істейді және төлемдi қолма-қол ақшамен жүргізетiндiктен қызметкерден және жұмыс берушiден салық жинау көп қиындық туғызады. Мемлекеттiң қазiргi кезде халық қажеттiлiгiнiң нақты көлемiн тiркеуге және жанама салық салу саласындағы iстiң жай-күйiн бағалауға мүмкiндiк беретiн тетiктерi жоқ.
(қазақша мәтінде сөйлемнің аудармасы болмағандықтан орысша мәтіні
беріліп отыр)
Владельцу денег нужна прозрачность и он постоянно нуждается в подсчете имеющейся у него суммы денег. Сол себептi ол ақшаны әмиянда сақтауды қолайлы санайды. Егер ол қалдық соманы көргiсi келген кезде көре алатын болса және оның ақшасы қандай да бiр жағдайда, инфляциядан iшiнара қорғалатын болса, онда ол ақшаны банкте сақтаудан және төлем карточкаларын пайдалана отырып оларды алудан бас тартуына себеп жоқ. Алайда, мұндай карточканың иесi үшiн ережелердiң бiр уақытта барлығы үшiн өзгеруiнiң маңызы бар.
Қазiргi уақытта Қазақстандағы магниттi жолағы бар төлем карточкалары негiзiндегi жергiлiктi және халықаралық төлем жүйелерi барлық жағымды жақтарына қарамастан, күнделiктi жасалынатын ұсақ төлемдер рыногын қанағаттандыра алмайды. Магниттi жолағы бар төлем карточкалары негізiнде, "оn-linе" режимiнде (тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу сәтiнде сауда терминалының процессинг орталығымен тiкелей байланысы кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимi) ғана жұмыс iстейтiн төлем жүйелерiн пайдалану кезiнде транзакциялар өңдеудiң жоғары құнына байланысты ұсақ төлемдерге қызмет көрсету тиiмсiз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық желiнiң даму дәрежесi авторизацияның қажеттi деңгейiн жаппай қамтамасыз ете алмайды.
Осы Бағдарламада ұсынылып отырған микропроцессорлық технология ұсақ төлемдердi жүзеге асыру үшiн қаржы рыногының қажеттiлiгiн қанағаттандыратын және нашар дамыған телекоммуникациялық желi жағдайларында жұмыс iстей алатын төлем құралы болып табылады. Бұл технология карточка ұстаушыларының банктiк есепшоттарындағы ақшаны жинақтауға және оларды "оn-linе" режимiнде (тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу сәтiнде процессинг орталығы мен сауда терминалының арасында байланыс орнатпай, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимi), сол сияқты "оn-linе" режимiнде қолданып, төлемдердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Микропроцессорлық "off-line" технологиясы "оn-linе" технологиясына қарағанда процессинг орталығымен төлем жасау сәтiнде байланысу үшiн телефон желiсiн пайдаланудың шұғыл қажеттiлiгi болмағандықтан төлемдердi қабылдаудың инфрақұрылымын құру кезiнде коммуникациялардың дамыған желiсiн қажет етпейдi.
Ағымдағы кезеңде бiрқатар екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң төлем жүйелерiне жергiлiктi және халықаралық төлем карточкалары бойынша едәуiр қаражатты инвестициялауды жалғастыруда. Екiншi деңгейдегі банктердiң магниттi жолағы бар төлем карточкаларының жергiлiктi және халықаралық төлем жүйелерiне салған инвестициялар көлемi айтарлықтай сома болды. Бұл орайда банктердiң жергiлiктi төлем жүйелерi, әдетте, өзара сәйкес келмейдi және оларды дамытуға жұмсалатын алдағы шығындар бiрыңғай жүйенi құру кезiнде тиiмсiз немесе құнсыз болуы мүмкiн.
Ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасы төлем карточкаларының қазiргi ұлттық банкаралық жүйесiн iске асыру үшiн күштердi бiрiктiру қажет, оны iске асыру банктердiң қаражатты үнемдеудi қамтамасыз етуiне мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн ендiрудi ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолдануда. 2000 жылдың аяғында Ұлттық Банк "Процессинг орталығы" жабық акционерлiк қоғамын құрды, оны құрудағы мақсат Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалануға арналған бiрыңғай төлем кеңiстiгiн қалыптастыру болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Осы Бағдарламаға қол жеткiзуге бағытталған басты мақсаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының банк жүйесiнде қаржы құралдарының айтарлықтай көлемiн ұсақ бөлшек тауар-ақша айналымындағы едәуiр қолма-қол ақша массасын тарту есебiнен жинақтау арқылы, оларды қолма-қол жасалмайтын айналымға аудару арқылы iшкi инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейту;
2) бөлшек сауда саласында айналатын қаржы ағынының айқын болуына мүмкiндiк беретiн микропроцессорлық төлем карточкаларын қолдана отырып, ауқымды қолма-қол жасалмайтын бөлшек төлем жүйесiн құру.
Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешуге бағытталған:
1) ақша айналымын бақылауды күшейту, қолма-қол ақшаның қалтарысты айналымын азайту және салықтың толық алынуын қамтамасыз ету;
2) жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу тетiктерiн жетiлдiру;
3) коммуналдық төлемдер жинау, көлiк, байланыс қызметiне ақы төлеу барысын оңтайландыру;
4) бюджеттiк (салықтық, кедендiк) және өзге де мiндеттi алымдарды қолма-қол жасалмайтын нысанда жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк құрылымдарда микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасына жәрдемдесу;
5) бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермеу және зейнетақы реформасы бойынша iс-шаралар мен арнайы әлеуметтік жеңiлдiктер беру бағдарламалары шеңберiнде жеңiлдiктер мен жәрдемақылар беру процесiн орталықтандырылған басқару есебiнен әлеуметтiк шиеленiстi азайту;
6) қолма-қол ақшаның бiрдей массасын эмиссиялауға шығыстарды қысқарту.
Бағдарлама микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құруды көздейдi, ол:
1) ұлттық валютамен жүргiзiлетiн жұмысқа бағытталған;
2) көпшiлiк халықтың пайдалануына арналған;
3) ұсақ және орташа төлемдердiң рыногына бағытталған;
4) халықаралық төлем жүйелерi қатаң белгiлейтiн ережелерге тәуелсiз және сол арқылы ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне жауап бередi;
5) карточканың жадында мынадай деректердiң: жеке тұлғаның тiркеу нөмiрi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке код, паспорттық, медициналық деректер және басқаларының болуына мүмкiндiк бередi.
Екiншi деңгейдегi банктердiң шығындарын оңтайландыру және Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн кейiннен халықаралық жүйелермен шоғырландыру мақсатында Бағдарлама екiншi деңгейдегi банктер үшiн халықаралық жүйелердiң төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдер клирингiн бағыттау мен жүргiзудi қамтамасыз ету қызметiн iске асыруды көздейдi.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiктерi
Төлем карточкаларын Қазақстан Республикасының барлық аумағында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi шеңберiнде ендiрудi және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн нақты микропроцессорлық төлем карточкасын қандай банк шығарғанына қарамастан, микропроцессорлық төлем карточкаларын жаппай пайдалану үшiн тиiстi жағдайлар жасау және инфрақұрылым құру қажет.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң негiзгi қатысушылары банктер, сауда және қызмет көрсету кәсiпорындары және төлем карточкаларының ұстаушылары болып табылады.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн тиiмдi iске асырудағы үлкен роль Ұлттық Банкке, екiншi деңгейдегi банктерге, Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына берiледi.
Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi карточкалар арқылы әскери қызметкерлер үшiн жалақы, үлес, зейнеткерлерге зейнетақы және басқа атаулы төлемдер төлеу, тауарлар мен қызмет көрсетудiң кез келген түрлерiн төлеу, кедендік алымдар мен төлемдер жасау жағдайларын жақсарту, салық органдарының салық алымдары мен төлемдерiн оңтайландыру, медициналық қызмет көрсетудi есепке алу және т.б. мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беруi тиiс.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi мынадай функцияларды iске асыруды қамтамасыз етуi тиiс:
1) төлем карточкалары бойынша транзакциялар өңдеу, қажеттi төлем қуаттарын дайындау;
2) осы төлем жүйесiнiң қатысушы банктерi арасында өзара есеп айырысуларды жүргiзу үшiн ақпарат дайындау;
3) төлем карточкаларын, оның iшiнде халықаралық төлем жүйелерiнiң төлем карталарын пайдалана отырып, жүзеге асырылған төлемдердi бағыттау және клирингi;
4) қатысушылардың таза позициясына сәйкес ақша аударымын жүзеге асыруға арналған қатысушы банктердiң таза позицияларын белгiлеу;
5) мемлекеттiк органдармен және екiншi деңгейдегi банктермен, бағдарламалық-техникалық құралдарды жеткiзушiлермен жүргiзiлетiн жұмысты үйлестiру және өзара iс-әрекеттердi қамтамасыз ету, жүйенің технологиялық даму бағыттарын белгiлеу, қатысушы банктер және сауда мен қызмет көрсету кәсiпорындары үшiн құнды барынша төмендету мақсатында жүйеге арналған жабдықты жеткiзу үшiн көтерме тапсырыстарды орналастыруды ұйымдастыру;
6) қатысушы банктердiң бiрыңғай жүйеде өзара iс-әрекеттерiн техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуiн ұйымдастыру;
7) төлем карточкаларын қабылдау желiсiне (сауда терминалдарына, банкоматтарға) қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
8) микропроцессорлық карточкалар негiзiнде электрондық коммерция жүйесiн (E-Commerce) құруды және дамытуды, коммерциялық ұйымдарға, корпоративтiк және жеке клиенттерге, мемлекеттiк мекемелерге электрондық коммерция бойынша қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
9) мемлекеттiк органдармен бiрге Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң негiзiнде халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, зейнетақы және бюджеттiк басқа төлемдердiң, салықтар мен баж салығын жинаудың автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiндегi бiрлескен жобаларды iске асыруды ұйымдастыру.
Төлем карточкаларын пайдалануға байланысты операциялар бойынша ақша төлемдерiн және аударымдарын жүзеге асыру кезiнде кредит тәуекелiн және өтімдiлiк тәуекелiн төмендету мақсатында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң қатысушы банктерi арасындағы ақша төлемдерi және аударымдары жұмыс iстеп тұрған банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы жүзеге асырылады.
Төлем карточкаларын шығаруды және/немесе эквайрингтi жүзеге асыратын кез келген банк Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң қатысушы банкi бола алады. Бұл ретте эквайринг қызметi ретiнде банктердiң сауда және қызмет көрсету кәсiпорындарымен жасалған шарттың талаптарына және/немесе төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдi жүзеге асыру кезiнде сауда және қызмет көрсету кәсiпорны жасаған төлем құжатының талаптарына сәйкес сауда және қызмет көрсету кәсiпорындарының пайдасына келiп түскен ақшаны қабылдау жөнiндегi операциялар кiретiн қызметiн, сондай-ақ осы банктiң клиенттерi болып табылмайтын төлем карточкаларын ұстаушыларға қолма-қол ақша беру жөнiндегі операцияларды жүзеге асыру қызметiн түсiнген жөн. Қатысушы банктiң функциясына төлем карточкаларын шығару, оларды дербестендiру және менеджмент, карт-есепшоттарды жүргiзу, банкаралық есеп айырысуларға және клирингке қатысу кiредi. Қатысушы банктiң филиалдары төлем карточкаларын және эквайринг шығаруды дербес жүзеге асыра алады. Осындай мүмкiндiк экономикалық және Ұйымдастырушылық жағынан алғанда қандай да болмасын банктiң немесе оның филиалының осы төлем жүйесiне қатысу нысандары жөнiнде оңтайлы шешiмдер табуға мүмкiндiк жасайды. Банктер пайданы жеке есепшоттардағы орташа айлық өтпелi қалдықтардағы ақшаны орналастырудан, сауда бизнесiнен, төлем карточкаларын шығарудан және оларға қызмет көрсетуден алады.
Жұмыс берушiлердiң ұйымдары клиенттердiң банктiк есепшоттарына жалақы аударуға (пакеттiк файлдарды пайдалана отырып) және түрлi зейнетақы және сақтандыру қорларына басқа төлемдер жасауға жауапты. Егер компания өзiнiң қызметкерлерiне қосымша қызмет көрсету ұсынса, карточкадағы ақша туралы ақпаратты жаңарту және клиент туралы басқа ақпарат алу үшiн iрi ұйымдарға оn-linе терминалын орнату мүмкiндiгi берiлуi тиiс. Жұмыс берушi өз қызметкерлерiнiң карточкалары құнының бiр бөлiгiн төлей алады, сондай-ақ қызметкерлердi тiркеу үшiн карточкаларды пайдалана алады.
Сақтандыру бизнесiне де микропроцессорлық төлем карточкаларын және төлем карточкаларын ұстаушы клиенттерге өзiнiң сақтандыру қызметiн ұсыну үшiн осы карточкаларды қабылдау желiсiн пайдалану мүмкiндiгi ұсынылуы тиiс. Осындай инфрақұрылымды пайдалану және оны пайдалануға ғана ақы төлеу сақтандыру ұйымдарына транзакцияларды өңдеу жөнiндегi операциялық шығыстарды қысқарту есебiнен ең төменгi баға деңгейiнде клиенттiк қарым-қатынастардың түбегейлi жаңа жолын құруға мүмкiндiк бередi.
Тауарлар мен қызметтердi төлеу кезiнде сауда және қызмет көрсету ұйымдарына Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң төлем карточкаларын қабылдау үшiн карточкаларды қабылдау құрылғысы - POS терминалдар (төлем карточкаларын пайдалана отырып тауарлар және қызмет көрсету үшiн ақы төленетiн электронды-механикалық құрылғы) қажет.
Бизнесiнiң мөлшерiне қарай сауда және қызмет көрсету ұйымдары принтерiмен бiрге қызмет көрсететiн оn-linе құрамасы бар әмбебап құрылғыны немесе одан арзандау оn-linе терминалын пайдаланады. Терминал жабдығын толық сатып алмай жалдау мүмкiндiгi, сондай-ақ жалдау ақысын банктiк эквайринг комиссиясының құрамына енгiзе отырып алу мүмкiндiгi көзделуi қажет.
Карточкаларды пайдаланудың тартымдылығын арттыру үшiн бiрiншi кезеңде бiрқатар ынталандыру шараларын қабылдаған дұрыс. Мұндай шаралар мыналарды қамтуы мүмкін:
(1) тармақшаның қазақша мәтінде аудармасы болмағандықтан орысша мәтіні беріліп отыр)
1) нормативные (предоставление льгот и скидок пенсионерам, предусмотренных законодательством Республики Казахстан)
2) коммерциялық (карточкалар бойынша комиссиялық алымдар, сатып алу кезiндегi шегерiмдер, лотереялар);
3) сервистiк (артықшылықтар, клубқа мүше болу).
Мұндай жағдайларда карточка құнының бiр бөлiгiн жабу немесе осы құнды төлеудi бөлу дұрыс болады.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi операторының қажеттi инфрақұрылымын және қызметiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, екiншi деңгейдегi банктер, басқа ұйымдар инвестициялайтын қаражат қаржыландыру көздерi болып табылады. Мемлекеттiк бюджеттен осы мақсаттарға арналған инвестициялар талап етiлмейдi. Шетелдiк ұйымдардың инвестициялары тартылған жағдайда Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң операторы акцияларының бақылау пакетi қазақстандық тарапқа тиесiлi болуы тиiс.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Осы Бағдарламада көзделген барлық iс-шараларды iске асыру мыналарды қамтамасыз етуге:
Мемлекеттiк органдарға:
1) ақша айналымын бақылауды күшейтудi, қолма-қол ақшаның қалтарысты айналымын азайтуды және жанама салықтар бойынша алымдардың толық болуын қамтамасыз ету;
2) едәуiр кредит ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау үшiн банктiк жүйеге жинақтау;
3) бюджет ақшасының түсуiн және пайдаланылуын тиiмдi бақылауды және тиiсiнше мемлекеттiк органдардың және құрылымдардың өкiлдерi тарапынан терiс мақсатта пайдалану мүмкiндiгiн болдырмауды ұйымдастыру;
4) республикалық және жергiлiктi бюджеттердегi түсiмдердi болжаудың тиiмдi мүмкiндiктерiн жасау;
5) айналыстағы қолма-қол ақша массасын (эмиссиясын) теңбе-тең ұстап тұруға байланысты шығыстарды қысқарту;
6) экономикадағы бақылаусыз ақша ағынына байланысты қылмыстың себептерiн жою;
7) халықты әлеуметтiк қолдау, әлеуметтiк жәрдемақылар, балаларға төленетiн ай сайынғы жәрдемақылар, зейнетақылар төлеуге кепiлдiктi қамтамасыз ету, халыққа қосымша қызметтер көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырған кезде қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуды ендiру мүмкiндiгiн бередi.
Екiншi деңгейдегi банктерге:
1) бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiнде жұмыс iстеу және басқа банктер эмиссиялаған төлем карточкалары бойынша халыққа, сауда-сервистiк кәсiпорындарға қызмет көрсету;
2) клиенттер базасын кеңейту, есепке алу сапасын жақсарту;
3) халықтың қосымша ақша қаражатын тарту;
4) эквайринг қызметiн көрсетуден түскен кiрiстердi көбейту;
5) эмиссиялық-кассалық жұмысқа (ақшаны инкассациялау, өңдеу, сақтау) байланысты шығындарды қысқарту;
6) жүйеде есеп айырысуды ұйымдастырудың арнайы технологиясымен үйлестірiлген микропроцессорлық карточкалар пайдаланылатын болғандықтан қаржы залалдары мен тәуекелдерiн, жүйенi бұзуды және карточканы қолдан жасауды iс жүзiнде толық болдырмау және ақпаратты қорғау;
7) тауарларға ақы төлеу және қолма-қол ақша алу жөнiндегi жаппай операцияларды орындау кезiнде off-line режимiн пайдалануға байланысты қатысушы банктiң орталық компьютерлiк жүйесiне түсетiн күштi азайту. Терминалдық карточкалармен және банкомат карточкаларымен жасалған электрондық инкассация операцияларының қарапайымдылығы, жылдамдығы, сенiмдiлiгi, байланыс желiлерiн жүргiзуде немесе жалдауда үнемдеу;
8) микропроцессорлық карточканың, сол сияқты басқа карточкалық төлем жүйелерiнiң магниттi жолағы бар карточкасының да терминалдық жабдығында қызмет көрсету мүмкiндiгiн бередi.
Сауда және қызмет көрсету ұйымдарына:
1) төлем карточкалары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын клиенттердiң қосымша санын тарту;
2) есепке алудың сапасын жақсарту;
3) қолма-қол ақшаның инкассациясына, сақтауға және өңдеуге кететiн шығыстарды төмендету;
4) клиенттерге жедел қызмет көрсету, авторизация жүргiзуге кететiн уақыт шығынының болмауы, қағаз құжаттарды қолмен жасау және өңдеу қажеттiлiгiнiң болмауы, жабдықтармен жұмыс iстеу үшiн мамандардың арнайы бiлiмi және дайындығы талап етiлмейтiн операциялардың қарапайымдылығы;
5) барлық жасалған төлем операцияларына сауда ұйымы әкiмшiлiгiнiң тарапынан қарапайым ыңғайлы бақылау;
6) iрi және ұсақ сауда нүктелерiнде төлем жасауға карточкалар қабылдау мүмкіндігі;
7) сол сауда терминалында қызмет көрсетуге микропроцессорлық карточкаларды, сол сияқты әдеттегi магниттi карточкаларды да қабылдау мүмкiндiгiн бередi.
Микропроцессорлық карточкаларды ұстаушы клиенттерге:
1) жоғалту, ұрлау, есеп айырысуда қателер жiберу тәуекелдерiн болдырмау, алаяқтықтан қорғауға техникалық кепiлдiк беру;
2) салым бойынша пайыздар түрiнде қосымша кiрiс алу мүмкiндiгi, мұндайда карточкадағы ақша карточкалық есепшоттың жалпы теңгерiмiне кiредi;
3) жедел сатып алу, iрi және ұсақ сатып алу жасау үшiн карточкаларды пайдалану мүмкiндігiн;
4) микропроцессорлық карточка жоғалған кезде қаражаттың жұмсалмаған бөлiгi банкте қалады және клиентке қайтарыла алады;
5) карточканың көмегімен ақша аударымдарын және есепшоттарды төлеудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн;
6) клиенттiң микропроцессорлық карточкасындағы транзакциялардың тiзiмi бойынша қаржы операцияларын жеңiл, ыңғайлы бақылауды, кез келген сауда нүктесiнде, банкоматта немесе банктiң офисiнде оn-linе режимiнде соңғы операциялар бойынша анықтамалар немесе карточканың көкейкесті теңгерiмi бойынша жиi қажет болатын анықтаманы алу мүмкiндiгiн;
7) өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы арқылы микропроцессорлық
карточкаға қаражат салу мүмкiндiгiн бередi. Барлық ұйымдарға: 1) қызметкерлерге кассалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды төмендету; 2) есепке алу сапасын жақсарту мүмкiндiгiн бередi. 8. Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары --------------------------------------------------------------------------- Р/с! Іс-шара ! Орындауға ! Аяқталу нысаны ! Орындалу N ! ! жауаптылар ! ! мерзiмi --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 --------------------------------------------------------------------------- 1. Микропроцессорлық Ұлттық Банк Ұлттық Банк 2002 жылғы карточкалар негізiнде (келiсiм бойынша), Басқармасының 4-тоқсан Төлем карточкаларының "Процессинг қаулысы ұлттық банкаралық орталығы" ЖАҚ жүйесінің жұмыс істеу (келiсiм бойынша) ережесін әзірлеу 2. Микропроцессорлық Ұлттық Банк Дайындалған 2002 жылғы карточкалар негізiнде (келiсiм бойынша), конкурс 4-тоқсан Төлем карточкаларының ККМ, ҚарМ, талаптары және ұлттық банкаралық "Процессинг құрылған конкурс жүйесiнiң жұмыс орталығы" ЖАҚ комиссиясы, өнiм iстеуi үшiн құрал- (келiсiм бойынша), берушiнi (өнiм жабдықтарды және екiншi деңгейдегi берушiлердi) бағдарламалық банктер (келiсiм таңдау қамтамасыз етудi бойынша) жеткiзушiлердi таңдау бойынша тендер өткiзуге конкурс талаптарын дайындау, тендер комиссиясын құру және конкурсты өткiзу 3. Микропроцессорлық Ұлттық Банк Қазақстан 2002 жылғы карточкалар негiзiнде (келiсiм бойынша), Республикасының 4-тоқсан Төлем карточкаларының "Процессинг Үкіметіне ұлттық банкаралық орталығы" ЖАҚ ақпарат жүйесінiң қатысушылары (келiсiм бойынша) арасында семинарлар өткiзу 4. Микропроцессорлық "Процессинг Ұлттық Банкке 2002 жылғы карточкалар негiзiнде орталығыҒ ЖАҚ есеп, Қазақстан 4-тоқсан Төлем карточкаларының (келiсiм бойынша), Республикасының ұлттық банкаралық екiншi деңгейдегi Үкiметiне ақпарат жүйесінің жұмыс банктер (келiсiм істеуіне арналған бойынша) инфрақұрылымды қалыптастыру 5. Микропроцессорлық Екiншi деңгейдегі Ұлттық Банкке 2003 жылғы карточкалар негiзiнде банктер (келiсiм есеп, Қазақстан 1-тоқсан Төлем карточкаларының бойынша), Республикасының ұлттық банкаралық "Процессинг Үкiметiне ақпарат жүйесiнiң төлем орталығы" ЖАҚ карточкаларын шығару (келiсiм бойынша) 6. Сауда және сервис Облыстар, қалалар Ұлттық Банкке 2003 жылғы ұйымдарын сауда және аудандар есеп, Қазақстан 1-тоқсан терминалдарымен әкiмдерi, Республикасының қамтамасыз ету "Процессинг Үкiметiне ақпарат жөнiндегi ұйымдық орталығы" ЖАҚ iс-шараларды жүргізу (келiсiм бойынша), екiншi деңгейдегi банктер (келiсiм бойынша) 7. Төлем карточкаларын МАКМ, Ұлттық Банк БАҚ-та 2002 жылғы сауда және қызмет (келiсiм бойынша), жарияланымдар 4-тоқсан көрсету саласында екiншi деңгейдегi танымал ету және банктер (келiсiм пайдалану мақсатында бойынша) бұқаралық ақпарат құралдарында халық арасында насихаттау әрi түсiндiру жұмыстары 8. Микропроцессорлық ЕХҚМ Қазақстан 2003 жылғы карточкалар негiзiнде Республикасының 1-тоқсан Төлем карточкаларының Үкіметіне ақпарат ұлттық банкаралық жүйесiнiң карточкаларын қолдана отырып зейнетақылар, әлеуметтiк жәрдемақылар және басқа да атаулы төлемдер төлеудi ұйымдастыру 9. Республикалық бюджет Орталық атқарушы Қазақстан 2003 жылғы қаражаты есебінен органдар, екiншi Республикасының 1-тоқсан қамтылатын мекемелердi деңгейдегi банктер Үкiметiне ақпарат микропроцессорлық (келiсiм бойынша) карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң карточкаларын қолдана отырып қызметкерлерге жалақы төлеуге аударуды ұйымдастыру 10. Жергiлiктi бюджет Облыстар, қалалар Қазақстан 2003 жылғы қаражаты есебінен және аудандар Республикасының 1-тоқсан қамтылатын мекемелерді әкімдері, екінші Үкіметіне ақпарат микропроцессорлық деңгейдегі карточкалар негiзiнде банктер (келісім Төлем карточкаларының бойынша) ұлттық банкаралық жүйесiнiң карточкаларын қолдана отырып қызметкерлерге жалақы төлеуге аударуды ұйымдастыру 11. Мемлекет үлестiк Уәкiлеттi Қазақстан 2003 жылғы қатысатын ұлттық министрлiктер, Республикасының 1-тоқсан компанияларды, облыстар, қалалар Үкiметiне ақпарат мемлекеттiк және аудандар кәсiпорындарды, әкiмдерi, екiншi шаруашылық деңгейдегi банктер серiктестiктердi (келiсiм бойынша), микропроцессорлық "Процессинг карточкалар негiзiнде орталығы" ЖАҚ, ұлттық Төлем карточкаларының компаниялар (келiсiм ұлттық банкаралық бойынша), жүйесiнiң карточкаларын мемлекеттiк қолдана отырып кәсiпорындар қызметкерлерге жалақы төлеуге аударуды ұйымдастыру 12. Өзге меншiк Облыстар, қалалар Қазақстан 2003 жылғы нысанындағы ұйымдарды және аудандар Республикасының 1-тоқсан микропроцессорлық әкiмдерi, екiншi Үкiметiне ақпарат карточкалар негiзiнде деңгейдегi банктер Төлем карточкаларының (келiсiм бойынша), ұлттық банкаралық "Процессинг жүйесiнiң карточкаларын орталығы" ЖАҚ (келiсiм қолдана отырып бойынша), өзге қызметкерлерге жалақы меншiк нысанындағы төлеуге аудару ұйымдар (келiсiм бойынша) 13. Мемлекеттiк жоғары БҒМ Қазақстан 2003 жылғы және орта арнаулы оқу Республикасының 1-тоқсан орындарының Үкiметiне ақпарат студенттерiне төлемдердi микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң карточкаларына аударуды ұйымдастыру 14. Микропроцессорлық Облыстар, қалалар Қазақстан 2003 жылғы карточкалар негiзiнде және аудандар Республикасының 1-тоқсан Төлем карточкаларының әкiмдерi, екiншi Үкiметiне ақпарат ұлттық банкаралық деңгейдегі банктер жүйесiнiң карточкаларын (келiсiм бойынша), қолдана отырып тұрғын "Процессинг үй-коммуналдық қызмет орталығы" ЖАҚ көрсеткенi үшiн (келiсiм бойынша) халықтан төлемдер қабылдауды қамтамасыз етудi ұйымдастыру --------------------------------------------------------------------------- Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.