Мемлекеттiк органдар мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктерді ажырату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 маусым N 707

Қолданыстағы
      Мемлекеттік органдар мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi ажырату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының мұнай операцияларындағы өкiлеттiктерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi құзыреттi орган, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегі, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі, өнеркәсiптегi жұмыстардың қауiпсiз жүргізілуін қадағалау жөнiндегі мемлекеттiк органдар және өзге де мемлекеттiк органдар заңнамаға және әрбiр мемлекеттiк орган туралы ережелерге сәйкес мұнай операциялары саласындағы оларға жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бiр ай мерзiмде көрсетiлген қоғам:
      1) мұнай операциялары саласындағы Министрлiктiң жұмыс органы ретiнде мұнай-газ саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру, республиканың мұнай-газ ресурстарын тиiмдi және ұтымды игерудi қамтамасыз ету мақсатында Министрлiк шешiмдер қабылдау үшiн құжаттар дайындауға, сондай-ақ мұнай мен газ ресурстарын пайдалану, ұдайы өндiру және одан әрi ұлғайту стратегиясын әзiрлеуге қатысады;
      2) Министрліктiң тапсырмасы бойынша жүргiзiлетiн мұнай операцияларына байланысты Министрлiкке ұсынылатын құжаттардың сараптамасын жүзеге асырады және олар бойынша ұсынымдық сипаттағы қорытындылар бередi;
      3) теңiздегi мұнай операциялары және басқа да мұнай операциялары бойынша келiсiм-шарттарда келiсiм-шарттарға үлестiк қатысу арқылы мемлекеттiк коммерциялық мүдделердi білдiредi, өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерде өкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруын қоспағанда, мұнай операцияларын жүргiзуге арналған осы келiсiм-шарттар талаптарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
      4) Министрлiктен жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру, құжаттарға сараптама жүргiзу және Министрлiктiң тапсырмаларын орындау үшiн қажеттi барлық мәселелер бойынша ақпарат алуға құқылы деп белгiлей отырып, мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамымен өзара iс-қимыл шартын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi 
агенттiгi және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар осы қаулыдан 
туындайтын барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                               Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                              2002 жылғы 29 маусымдағы
                                                 N 707 қаулысымен
                                                    бекiтiлген
        "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының
              мұнай операцияларындағы өкiлеттiктерінің тiзбесi
     
     1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан 
әрi - Ұлттық компания):
     1) мұнай мен газ ресурстарын пайдалану, ұдайы өндiру және одан әрi 
ұлғайту стратегиясын әзiрлеуге;
     2) мұнай-газ саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға;


      3) Каспий және Арал теңiздерi секторларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операцияларына арналған конкурстар ұйымдастыруға;
      4) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі халықаралық және ішкі жобаларына;
      5) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау жөніндегі барлық iшкi және халықаралық жобаларына;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметiне келiсiм-шарттардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептердi дайындауға қатысады.
      2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм-шарттарда Ұлттық компания келiсiм-шарттарға мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделердi білдiредi, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қоспағанда, көрсетiлген келiсiм-шарттарда мұнай операцияларын бақылауды, байқау мен реттеудi жүзеге асырады.
      3. Ұлттық компания мұнай операцияларымен байланысты жаңа жобаларды дайындайды және iске асырады.
      4. Ұлттық компания мұнай мен газ кен орындарын iздестiру мен барлау, мұнай өндiру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүзеге асырады.
      5. Ұлттық компания республика мұнай-газ ресурстарының тиiмдi және ұтымды игерiлуiн қамтамасыз етедi және (немесе) жүзеге асырады.
      6. Құзыреттi орган жер қойнауын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Үкiметтiң бекiтуi үшiн инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығаруға осы тiзбеде оған тiкелей келiссөздердің негiзiнде Құзыреттi орган құрлықта да, теңiзде де қандай блоктар мен телiмдер ұсынуы тиiс екенiн көрсетiп, Ұлттық компанияның ұсыныстарын ескере отырып, блоктар мен жер қойнауы телiмдерiнiң тiзбесiн және Ұлттық компанияның мiндеттi үлестiк қатысуымен әзiрленетін блоктар мен телімдердiң тiзбесiн қалыптастырады.
      7. Құзыретті орган Ұлттық компанияның ұсыныстарын ескере отырып, инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығаруға жататын жер қойнауы телімдерінің (блоктарының) тiзбесiн қалыптастырады.
      8. Ұлттық компания өзiнiң өкілдерi арқылы:
      1) инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөніндегi комиссиялардың;
      2) Мұнай мен газ кен орындарын әзiрлеу жөнiндегi орталық комиссияның;
      3) жер қойнауын мемлекеттiк сараптау жөнiндегi арнайы уәкiлеттi органның жұмысына қатысады.
      9. Ұлттық компания Үкiмет бекiткен оның мiндеттi үлестiк қатысуы бар блоктар бойынша конкурстың негiзгi талаптарын қалыптастыруға қатысады.
      10. Ұлттық компания болашақтағы келiсім-шарт бойынша өзара міндеттемелерді белгілеу мақсатында Құзыретті органмен теңiздегi барлық iрi жобалар бойынша келiсiм-шарттардың жобаларын дайындауға қатысады.
      11. Ұлттық компания көмiрсутегілердi барлау, әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ кәсіпшiлiгi инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелерi бойынша корпоративтiк басқару мен мониторингті жүзеге асырады.
      12. Ұлттық компания көмiрсутегi шикiзатын сату, тасымалдау және мұнай-газ құбырларын пайдалану мәселелерi бойынша маркетингтi жүзеге асырады.
      13. Құзыретті орган Ұлттық компанияны жұмыс органы ретiнде:
      1) мұнай операцияларымен байланысты жобалардың сараптамасына;
      2) Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер мен үлестiк қатысуы бар келiсiм-шарттар бойынша кен орындарын барлау мен әзiрлеу, оларды жайластыру және пайдалану нормативтерi мен технологияларын сақтауға;
      3) Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер мен үлестік қатысуы бар келісім-шарттар бойынша жұмыс кестелерiн сақтауға;
      4) келiсiм-шарттар мерзімдерінің аяқталуы бойынша не пайдаланудан шығарылуына қарай не келiсiм-шартта көзделген басқа себептер бойынша мердігерден Қазақстан Республикасына беруге жататын мүліктi қабылдап алуға-тапсыруға;
      5) халықтың қауiпсiздігiн және қоршаған табиғи ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кен орындары мен жекелеген ұңғымаларды консервациялауға;
      6) келiсiм-шарттардың салық режимiнiң моделiн таңдауды белгiлеуге;
      7) көмірсутегі шикiзатын өндiрудің, тасымалдау мен қайта өңдеудiң мониторингiне;
      8) мұнай операцияларын жүргізуге арналған келiсiм-шарттардың, оның ішінде Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер талаптарын орындауға;
      9) магистральды мұнай-газ құбырлары бойынша тасымалдауға, мұнай мен газды кейiннен сақтауға және көліктің басқа түрлерiне ауыстыруға байланысты, сондай-ақ мұнай-газ көлiгi инфрақұрылымының қазiргi бар объектілерiн пайдалану мәселелерi бойынша мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн жоспарлауды, жобалауды, салуды реттеуге;
      10) төтенше жағдайларды қоса алғанда, техникалық шешiмдердi таңдауға;
      11) кен орындарының жабдықтарын, құрылыстары мен өзге де жайластыру объектілерiн монтаждан бөлшектеуге, жоюға немесе консервациялауға, сондай-ақ жерлердi қайта өңдеуге;
      12) Келiсiмдердің талаптары бойынша мемлекеттiң үлесi болып табылатын шикiзаттың бiр бөлiгiн, оның iшінде роялтидi мемлекеттің билiгiне беруге байланысты операцияларды жүзеге асыруға;
      13) келiсiм-шарттардың, оның iшінде Өнiмдi бөлу туралы келiсiмнiң

талаптары бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органға (ұйымға) iлеспе заттарды 
қоса алғанда, мемлекетке тиесiлi шикiзатты беру жөніндегi есепке алу мен 
есептілiктi бақылауға;
     14) келiсiм-шарттардан, оның ішінде Өнiмдi бөлу туралы келiсімдерден 
немесе оларға байланысты туындайтын дауларды шешу кезінде мемлекеттің 
мүдделерін қорғауға;
     15) Құзыреттi органның тиiстi тапсырмаларының негізiнде өзге де 
мәселелер бойынша тарта алады.
     14. Ұлттық компания үлестiк қатысуы бар келiсiм-шарттарда 
мердiгерлерге рұқсат беру құжаттарын алу үшiн материалдарды ресімдеуге 
жәрдем көрсетедi.
 
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.