Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi N 1014 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы N 706 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 356 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi N 1014 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 355-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен мақұлданған Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамытудың тұжырымдамасында:
     1-шарт 2) тармақшасының екiншi абзацында "банк құпиясын," деген сөздер алынып тасталсын;
     4-шарт екiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасы алынып тасталып, 3) тармақшадан кейiн нүкте қойылсын;
     6-шарттың 2) тармақшасында "сауданы ұйымдастыру мен қолдау" деген сөздер "саудаға қатысу" деген сөздермен ауыстырылсын;
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi
2001-2003 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
     "Жергілiкті капиталды мейлiнше молынан шоғырландыру" деген 1-бөлiмде:
     реттiк нөмiрi 1.2-жолда:     2-бағанда "Банктiк құпияны,"
деген сөздер алынып тасталып, "бағалы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
     4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заң жобасы";
     5-бағанда "2001" деген сандар "2002" деген сандармен ауыстырылсын;
     реттiк нөмiрi 1.6-жолдың 2-бағанында "банктiк емес ұйымдарды" деген сөздер алынып тасталып, "брокер-дилер" деген сөз "брокер-дилердi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 1.7-жолдың 5-бағанында "2001" деген сандар "2002" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 1.9-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Үкiметіне ақпарат";
      "Шетелдiк капиталды әкелудiң ырықтандырылған валюталық режимi, капиталдың қайтарылуы және оны пайдаланудан алынған пайда. Орталық банктiң айырбас бағамы саясатын қоса алғанда, ақша-несие саясатының болжамды болуы" деген 2-бөлiмде:
     реттiк нөмiрi 2.2-жол алынып тасталсын;
     "Халықаралық беделi танылған шетелдiк кәсiби қаржы делдалдарын рынокқа жiберудiң ырықтандырылған режимi" деген 4-бөлiмде:
     реттiк нөмiрi 4.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     2-баған:
     "Отандық және шетелдiк қаржы институттарын құру, тiркеу, олардың қызметiн лицензиялау және реттеу рәсiмдерiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде жұмыстар жүргiзу";
     4-баған:
     "Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат";
     5-баған:
     "Тұрақты";
     реттiк нөмiрi 4.4-жол алынып тасталсын;
     "Қазақстандық қаржы рыногының жеткiлiкті дамуы" деген 6-бөлiмде:
     реттiк нөмiрi 6.1-жолда:
     2-бағанда "дамуын қамтамасыз ету" деген сөздер "дамуына ықпал ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
     4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат";
     реттiк нөмiрi 6.2-жолда:
     2-бағанда "сауданы ұйымдастыру" деген сөздер "саудаға қатысу" деген сөздермен ауыстырылсын;
     4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат";
     реттiк нөмiрi 6.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     2-баған:
     "Төлем карточкаларының ұлттық жүйесiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзу";
     4-баған:
     "Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат";
     5-баған:
     "Тұрақты";
     реттiк нөмiрi 6.6-жолдың 3-бағанында "ЭМРМ" деген сөз "ЭСМ" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "Әртүрлi және жайлы тұрмыстық әрi бизнестік қызмет көрсету" деген 7-бөлiмде:
     реттiк нөмiрi 7.2-жолдың 3-бағанында "ЭМРМ" деген сөз "МБА" деген сөзбен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 7.3-жолдың ", ЭМРМ" деген сөз алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі