Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.23.  N 58  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешімдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2002 жылғы 28 маусымдағы  
N 703 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 846  қаулысымен .
      2. "Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 наурыздағы N 365  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 13, 90-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібi мен шарттары туралы ережеде: 
      7-тармақта "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясымен (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3.  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1339  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. "Мемлекеттiк білiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы ережелерде: 
      5-тармақта "дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптау комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      5. "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 51-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесіне: 
      6-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацында "медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      19-тармақтың 4), 5), 8) тармақшаларында "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияның", "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2002 жылғы 28 маусымдағы 
N 703 қаулысына    
қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің тiзбесi 

      1. "Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1992 жылғы 27 мамырдағы N 465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 20, 333-құжат).
      2. "Мүгедектерге бензин үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы N 891  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 41, 606-құжат). 
      3. "Мүгедектерге мотокүймелер үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 қарашадағы N 1195  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 46, 557-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 мамырдағы N 465 және 1992 жылғы 22 қазандағы N 891 қаулыларына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 маусымдағы N 770 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 20, 223-құжат).
      5. "Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 24 тамыздағы N 1298   P001298_  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 440-құжат).