Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 маусым N 690

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 P001376_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, N 455-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      2-тармақ "мақсаты" деген сөзден кейiн "Республиканың қолданыстағы

 

заңнамасын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

     4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны

жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

     заңнаманы кодтау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау

жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң қарауына енгiзу;

     кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде

ұсыныстар енгiзу".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Шарипова М.Е.